Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаның “Диалогы” желіде хитке айналды (видео)

Ұлықпан Жолдасовтың қызы тағы бір әншімен дуэт құрды. Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаның «Диалог» атты әні желіде хитке айналды, деп жазады Stan.kz.

Бала күнінде-ақ әйгілі «Музарт» тобымен бірге ән салған Фарида ұзақ уақыт өнерден алыс жүрді. Оқу оқыды, дипломын алып сахнаға қайта оралды. Көп ұзамай қазақ эстрадасында бүгінде «асығы алшысынан» түсіп тұрған Төреғалимен дуэт айтып, өзінің оралғанын еске салды.

Енді, міне, бірнеше отандық жобаларда бой көрсеткен жас әнші Иса Әлимұсамен бірге су жаңа әнін ұсынды. «Диалог» әні көпшіліктің көңілінен шыққан ұқсайды. Оған желідегі тыңдармандардың төмендегі пікірлері дәлел.

«Әдемі шығыпты, дауыстарың үйлесіп тұр, басқа да әндер күтеміз», «Талаптарыңа нұр жаусын», «Керемет, Фарида өте байсалды, тәрбиелі екені көрініп тұр», «Әннің сөзі керемет, авторына ерекше құрмет», «Тыңдай бергім келеді», «Жарайсыңдар, сөзсіз хит», «Хит-2018», – деп баға берді желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз:

Продюсер Тастембеков 40-қа келген әншіден «жұлдыз» жасамақ

Майра Ілиясова экс-күйеуін қазіргі жарымен өзі таныстырып, үйлендірген

Әли Оқапов киноға түсті

Алтынай Жорабаева: Қыздарым атыма кір келтірмеуі керек

Талқылау