Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздаған күнді есіне алды

Қайрат Нұртастың анасы бала күнінен саудаға жақын болғанын бұған дейін де айтқан еді. Гүлзира Айдарбекова жастайынан біреуге бағынышты болуды қаламаған. Сол себепті талмай-тынбай еңбек еткен ол бүгінде шалқып өмір сүруде. Алайда бұл күнге феномен әншінің анасы оңайлықпен жеткен жоқ. От пен суды кешіп, тіпті өліммен бетпе бет келген кезі болған, деп жазады Stan.kz.

Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер студент кезде отбасын құрып, қатарластарымен бірге жатақханада тұрған. Бүгінде елдің сүйікті әншісіне айналған Қайрат Нұртас өмірінің алғашқы күндерін студенттер ордасында өткізген. Сол шақта Нұртас Айдарбеков бұзақылардың қолына тап болып, өмірімен қош айтыса жаздапты. Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова «Еуразия» арнасының «Қалаулым» бағдарламасында айтты.

«Мені саудаға әкелген оқиғаны ешкімге айтпаған едім. Бір күні жолдасым Павлодар қаласына барып, бұзақылардың қолына тап болды. Ондағы жігіттер Алматыдан келген балаларға тиіскен. 18-дегі оқуға енді түскен баланы шақырған кезде, Нұрекең ол баланы тартып қалып, әскерден келген үлкен ағасы ретінде 60 баланың алдына бір өзі шыққан.

Сол кезде ішіне бірден пышақ сұққан, артқа бұрылған да белінен сұғып, қан кетіп, жолдасым құлаған. Сонымен маған «жолдасыңыз пышақталды» деп хабар келді. Мен өлтіріп кетті екен деп ойладым, тепешектен көтеріле алмай, сол жерде отырып, ұстаған күйі айқайлап жылап, әлі есімде… Ол кезде телефон жоқ, хабар білмейміз. Тек қана жатақхана комендатына телеграмма келген», – деп еске алды Гүлзира Үсенқызы.

Бұдан кейін жараланған жолдасына жылдам жеті үшін Айдарбекова амалсыз жеке киімдерін сатуға кіріскен.

«Негізі анам мен үлкен ағам артымнан 10 чемодан киім алып келген. «Жалғыз қарындастарың, осыдан басқа қыз жоқ» деп, артымнан өте көп дүние әкелген болатын. Солардың бәрін базарға шығарып, газет төсеп, саттым. Барлығы «импортный» болған соң өте жылдам өтіп кетті. Түске жетпей қомақы ақша алдым.

Қайрат кішкентай болса да, Өркен деген қайын ініммен бірге ұшаққа билет алып, Шымкентке салып жібердім. Бөтелкеге сүтін құйып беріп, өзім Павлодар қаласына ұшып кеттім. Сонымен Павлодар қаласында жолдасымның басынан өткен оқиға мені саудаға үйретті», – деп сыр ақтарды Қайрат Нұртастың анасы.

Жіберіп алмаңыз:

Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаның “Диалогы” желіде хитке айналды (видео)

Майра Ілиясова экс-күйеуін қазіргі жарымен өзі таныстырып, үйлендірген

Айдана Меденова күйеуінің бірінші некеден туған балалары жайлы айтты

Сырға таққан Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді

Талқылау