Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас інісінің әнші болуына қарсы шыққан

Өнер жолы – ауыр жол! Иә, бұл сөзді эстрадада жүрген танымал жұлдыздар жиі қайталайды. Алайда бар жақсыны киіп, шетел асып, шалқып өмір сүретін әншілерді көрген халық бұл сөзге сенбейді. Дегенмен, елдің ықыласына бөленіп жүрген Қайрат Нұртастың өзі танымал әнші болудың қиын екенін айтады, деп жазады Stan.kz.

Өнер әлемінде талай рет құлап, қайта көтерілген ол, інісінің әнші болуына қарсы шыққан екен. Бұл туралы Қайраттың әкесі Нұртас Айдарбеков “Еуразия” арнасының “Қалаулым” бағдарламасында баяндады.

“Бізде Алла берген үш ұл ғой енді. Қайрат, Аян, Заңғар. Аянымның бойында өнер жоқ. Негізі екі ұлым да спорт жағына кетіп қалды. Кенжеміздің бойында өнер бар. Бірақ Құдайдан жасырмағанды, адамнан жасырмаймын. Қайрат інілерін өнерге жақындатқысы келмейді.

Өйткені Қайрат өнерде жүріп, жалпақ тілмен айтқанда таяқты көп жеді. Қайратты шалмаған адам жоқ. Оны біртіндеп айтпай-ақ қояйын. Бұл – біріншіден. Екіншіден, сырт көзге Қайраттың өмірі керемет көрінгенімен, Қайратқа 2 сағат төсекте жатып ұйықтаудың өзі арман. Білмеймін, балам жақындатпайды. «Папа, қоя қойыңызшы, басқа тірлік істесін, өнерді көріп жүрсіздер ғой», – деп айтады”, – деп түсіндірді Нұртас Айдарбеков.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан қырғыз әншісін сотқа бере алмайтын болып шықты

Сәкен Майғазиев: 3 жұмысымның айлығын әйелім алады

Ләйлә Сұлтанқызының кезекті кітабы ұятты тақырыпты қозғамақ

Ақтөбедегі студенттер сарайы Жанар Айжановадан қайнаған су үшін мың теңге сұраған

Талқылау