Сәкен Майғазиев: 3 жұмысымның айлығын әйелім алады

Сейсенбі, 3 Қазан , 2017 13:21

Париж подиумынан қалаған көйлегін Сәкен Майғазиевтің жары – дәп қазір сатып алуға бар. Себебі, әнші тапқан қаражатын сүйіктісінің алақанына салып отырады. Ал, Асылбек Еңсеповтың жарына бұл тұрғыда сәл қиындау! Күйші – сейфттің кілтін өзі ұстағанды құп көреді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Майғазиев үш жұмыс орнынан түсетін қаражаттың банк карталарын – Динара ханымға басыбайлы табыстап қойған. Тіпті, әлі күнге пин-кодының да қандай екенін бейхабармын, – дейді Сәкен сері! Себебі, құжатқа құнтсыз, күйбең тірліктің ұсақ-түйегіне салғырт екен.

«Кейбір кезде емханаларға барамын ғой енді, анасына айтамын: анасы жүрші менімен бірге. Менен медбике бірдеңе сұрап қалады, мен білмеймін деп», – дейді Сәкен Майғазиев.

Әр ісіне тым мұқият – Асылбек Еңсепов отбасылық бюджет тұрмақ, ас үйді де жеке бақылауында ұстайды. Жұбайына да керек-жарағын өзі сатып әкеліп беруге бар.

«Бір жерде тамақ пісіріп жатса да, айтып кетемін так мына жерді дұрыс істемей жатсың, ананы қосып жібер деп мысалы. Үй жиналмай тұрса да айтып кетемін. Сондықтан, сейфтің кілтінің бәрі біздің қалтамызда», – дейді Асылбек Еңсепов.

Отбасылық бюджетті толтыру да, оны орнымен жарату да Арман мен Аша үшін тым қиын тірлік. Олар бұл мәселеде әлі де ортақ шешім таба алмаған.

«Аша да жақсы табады, мен де табамын. Ашаның өзінің ақшасы бар бөлек. Мен жинаған енді отбасылық ақша», – дейді Арман.

«Ол көбінесе Арманның өзінде болады. Сондықтан да, мен көбінесе өзімнің ақшамды жұмсап қоямын», – дейді Аша.

Дастан Оразбеков пен жұбайының отбасылық бюджеті мүлде басқа жанның қолында. Табысымызды түгел Дастанның анасының қолына әкеліп саламыз дейді, – Жанат келін.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызының кезекті кітабы ұятты тақырыпты қозғамақ

Жұртты шулатқан Диана Шурыгина тұрмысқа шыққалы жатыр

Айдана Меденова «босана салып сахнаға шығып кетті» деп сынағандарға жауап берді

Димашпен би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар