Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашпен би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)

Димаш Құдайбергеннің менеджері әрі жақын досы Алпамыс Шәрімов Орал қаласында қайырымдылық бал ұйымдастырып, әншілердің басын қосты, деп хабарлайды Stan.kz.

Аталған шараға әлемге танылған жерлесіміз Димаш Құдайберген, сондай-ақ, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Кәмшат Жолдыбаева, Ренат Гайсин сынды бірқатар отандық жұлдыздар атсалысты.

Қайырымдылық бал аясында жұлдыздар қарттар, балалар үйін аралап, жаны жабырқау адамдардың көңілін бір серпілтті.

Ал кешке арнайы балға қатысып, ханзада мен ханшайымның кейпіне енді. Бұл ретте әнші Ерке Есмахан Димашпен би билеген видеосын жариялап, желіні шулатты.

“Әдемі кеш, әдемi бал өтіп жатыр! Қасымда Димаши, или мен оның қасында. Не де болса, сүйікті ұлдарыңыздан жалынды сәлем! Қайырымдылық ниетіңе Алла разы болсын! Ұйымдастырушы Алпамыс досым! Аман бол”, – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

“Күшті”, “Димашпен билеген қандай бақыттысыз”, “Қолдарыңда таяқ болса, үнді киносынан үзінді десе де болады, керемет”, “Биіңіз өзіңізге жарасады”, – деп тамсанды желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш қарттар үйіне барып жанкүйері болған қазақ ақсақалымен кездесті

Айдарбекова ұлына тіл тигізген жігітті ұрысқақ әйелге теңеді (видео)

Жазира Байырбекова қарт әжейдің өліміне араша түсе алмағанына күйінді

Майра Ілиясова экс-күйеуін қазіргі жарымен өзі таныстырып, үйлендірген

Талқылау