Жазира Байырбекова қарт әжейдің өліміне араша түсе алмағанына күйінді

Жазира Байырбекова басынан өткен оқиғасын баяндап, тыңдармандарының көзіне жас келтірді. Әнші бала күнінде көрші үйде тұратын қарт әжейдің өліміне араша түсе алмағанын еске алып өкінді, деп жазады Stan.kz.

«9-10 жасымда мектепке баратын жолдағы ескі бір үйдің терезесінен орыс қарт әже қарап отыратын. Терезесі жолдың дәл бойында. Мен басында жәй бір қарап өтетінмін. Одан кейін жымиып, қолдымды бұлғап, әженің көзіне қарап өтетін болдым. Жымимайды да, кірпігін де сирек қағады. Қолын жәй көтеріп қана қояды. Көзінде мұң бардай көрінді. Өмір бойы жақын адамын күтіп отырғандай. Менің мектепке баратын, қайтатын уақытым, сол әже терезенің алдына келіп отыратын уақытына сәйкес пе, әлде жүре алмай біреу отырғызып кеткен орны ма білмедім, әйтеуір өткен сайын терезесі жерге жақындап қалған ескі үйдің терезесінен қарап отыратын. Үнсіз тілдескендей болып өтетінмін.

Бір күні әже терезенің алдында жоқ. Екінші күні тағы жоқ. Терезеге жақындап қарасам қараңғы, онша ештеңе көрінбейді. 1 аптадай терезені аңдумен болдым. Әже сол күйі көрінбеді. Қатты өкіндім. Терезенің форточкасын ашып, алма ма, кәмпит па әкеп беруім керек еді. Оған қарайтын адам 2-3 күнде бір келіп, қатты бірдеңе қажет болған шығар, неге сұрамадым деп өкіндім. Ол әженің өмірден өткенін түсіндім. Көп ұзамай үйін бұзып жатқанын көрдім. Үйдегілерден тығылып жылағаным-ай! Не үшін жылағанымды айтсам бәрі мазақтап күледі деп ұялдым ба?!

Ол кімнің анасы, кімнің әжесі, есімі кім түк білмеймін. Бірақ сол әженің келбеті әлі көз алдымда», – деп жазды Байырбекова Instagram парақшасында.

Өз кезегінде желі оқырмандары жалғыздың күйін кешкен қарттың хикаясын оқып, көздеріне жас алғандарын жасырмады.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздаған күнді есіне алды

Майра Ілиясова экс-күйеуін қазіргі жарымен өзі таныстырып, үйлендірген

Дастан Оразбековтің жүкті келіншегі күйеуінің “серілік” жүрістері туралы айтты

Айдана Меденова күйеуінің бірінші некеден туған балалары жайлы айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар