Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйгілі халықаралық I’m a singer Kazakhstan жобасы басталды

Алматы әкімдігі “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет” жобасының аясында телевизиялық жобасын қолға I’m a singer Kazakhstan алды.

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Жобаның басты мақсаты – қазақстандық мәдениетті шетелде насихаттап, Алматының туристік әлеуетін арттыру. Жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және өзге елдерден үміткерлер қатысады. Аталған жоба Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан елдерінің басты телеарналарынан да көрсетілмек. Жалпы аудиториясы 250 миллион адамды қамтиды.

“Біздің мәдениетімізді өзге елдерге танытып, музыкалық байлығымызды көрсете алатынымыз үшін ерекше қуаныштымын. Музыка – күллі халықтың тарихы деп бекер айтпайды”, – дейді қазақстандық 18 жастағы қатысушы Асылзат Аяп.

Башқұртстандық Айтуған Ғайзуллин де осы жоба арқасында үлкен тәжірибе жинап, өз елінде танымалдылыққа ие болғанын айтады.

Жалпы конкурсқа 18 үміткер қатысып, әлемдік хиттарды орындайды. Шоу әр жексенбі сайын кешкі 21:00-де 31 телеарнаның эфирінен көрсетіледі. Қайталау сәті сенбі күні сағат 12:00-де.

Оқи отырыңыз:

Айдана Меденова «босана салып сахнаға шығып кетті» деп сынағандарға жауап берді

Айгүл Иманбаева мектеп оқушысымен бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

Асылбек Еңсеповті экс-қайын атасы Төлеген Мұхамеджанов қуанышымен құттықтап келді

Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздаған күнді есіне алды

Талқылау