Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ІІД генералы рейдерлікпен айналысты деп айыпталуда

Павлодар облыстық ІІД басшысы Алматыдағы мейрамхана мен шарап фермасын тартып алды деп айыпталуда. Оған АҚШ азаматы Александр Ли дәл осындай айып тағып отыр. Қазақстандық генералмен серіктес болған Лидің сөзінше, ІІД басшысы табысымен бөліскісі келмей, бизнесті өзі иемденіп алған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Америкалық кәсіпкер Қазақстандағы бизнесін қалай тартып алғанын айтып берді

Александр Лидің өз мейрамханасына кіре алмай жүргеніне 3 ай болған. Ер адамның айтуынша, бұрынғы серіктестері мейрамханадағы күзетті күшейткен. ІІД генералы мен америкалық тағы бір кәсіпкер оның бизнесін иемденіп алған.

«Олар маған құрылтайшылардың кезектен тыс жиналысындағы хаттаманы алып келді. Онда менің мейрамханаға басшылығынан алынып тасталғаным көрсетілген. Мұны басқа жобаға кетуіммен байланыстырды. Бірақ мен ешқандай жобаға кетпек болған жоқпын. Бұрмалаумен байланысты барлық әрекеттері «Рейдерлік» бабына сәйкес келеді», – дейді Александр Ли.

Александр Лидің сөзінше, 4 жыл бұрын Амантай Әубәкіров ортақ бизнес ашуды ұсынады. АҚШ азаматы ұзақ ойланбастан, бала кезінен таныс болған ІІД басшысына сеніп, келісімін берген. Артынша олар ортақ кәсібіне тағы бір шетелдік азаматты қосып, серіктес болыпты. Ал компаниядағы үлесін теңдей бөліскен екен. ІІД басшынысың балалары олардың бизнесіне араласқанға дейін, олар осылайша жұмыс істеп келген көрінеді.

«Әубәкірованың үлкен қызы ұқсас атаумен компания ашты. Жалға бері келісімшартына қол қойды. Ғимаратқа иелік ететін компания директоры генералдың ортаншы қызы еді. «Келісімшартты мерзімінен бұзу» деген тармақ болатын. Яғни жалға беруші келісімшартты бұзса, 165 миллион 700 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Демек осы кезде олар ғимаратты басып алуға дайындалып жатқан. Ортаншы қызы әпкесіне: «Қиындық жоқ, айыппұл төле», – дейтін еді. өз кезегінде әпкесі ондай ақшасы жоқ екенін айтып, активтерді ұсынады», – дейді Ли.

АҚШ азаматы мұндай әрекеттерге шыдамай, полицияға шағымданған. Оған жауап ретінде бұрынғы серіктестері қарсы талап берген. Олардың сөзінше, Александр Ли достарына компания басшылығына келуді өзі ұсынған. Сол уақытта өзі шарап фермасының мүлкін оңды-солды жұмсаған көрінеді.

«Роял вайн» өнімін шарап-ішімдік түрінде алып, мейрамханаға апарып жүрді. Одан түскен ақшаны қайтармай, өзіне алып қалды. Нәтижесінде шамамен 22 миллион теңге көлемінде қарызы пайда болды. Ли өзін-өзі компания басшысы ретінде тағайындап, табыс түсетінін айтып уәде еткен. Алайда ешқандай табыс болмады. Артынша жиналыс өткізіліп, бизенстің неліктен жүрмей тұрғаны талқыланды. Мұнан кейін ол өзінен бизнесін тартып алғысы келетіні туралы арыз жазған», – дейді қорғаушы Азамат Байкенов.

Ал ІІМ мәліметінше, Павлодар облыстық ІІД басшысы Амантай Әубәкіровтің бизнеске тікелей қатысы жоқ. Мейрамханадағы және шарап фермасындағы барлық шаруаны әйелі дөңгелетіп отырған көрінеді.

«Мұндай терге жүргізіліп, азаматтық процесс жүріп жатыр. Сонымен қатар біздің өзіндік қауіпсіздік департаменті тексеріс жүргізуде. Прокуратура да сол азааттың арызы бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Мұның негізінде ІІД басшысының әйелі мен шағымданған азаматтың арасындағы азаматтық-құқықтық қатынас жатқанын біле тұра, бәріміз нәтижесін күтудеміз.Шешім қабылданған бойда , нақтылаймыз. Бұл мәселеде нүктені сот қоятын болады. Азаматтық іске қатысты кезекті отырыс бүгін өтеді», – дейді ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау