Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық ғалымдар адамнан да мықты робот-хирургтарды жасап шығарды

АҚШ-та хирургиялық операция кезінде жекелеген әрекеттерді өте жылдам әрі сапалы атқаратын роботты құрастырылды.

surgeon

Сурет factroom.ru

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

STAR (Smart Tissue Autonomous Robot) деп аталатын автономды құрылғы роботтандырылған қол мен автоматтандырылған аяқтан тұрады. Робот жануарларға қолданылып арнайы тесттен де өткізіліпті. 3D жүйелік инфрақұрылымдық суретке негізделген робот ең тез, жедел жолды нұсқай алады.

“Бұл роботтың сынақ кезіндегі нәтижесі өте керемет. STAR-дың әрекеті хирургтан да жылдам әрі мықты болып шықты”, – дейді жобаға атсалысқан медициналық маман Питер Ким. Робот автоматты режимде тұрғандықтан кез-келген сәтте хирургқа қосылып әрекет ете алады. Егер, дұрыс болмай бара жатса, бір рет басу арқылы оның әрекетін тоқтатуға болады.

Мамандардың айтуынша, роботты әзірге аппендицит секілді ауруларға ота жасаған кезде қолдануға болады. Ал жалпы толыққанды операцияларға 2-3 жылдан соң барып араласуы мүмкін.

Талқылау