Америка алманың отаны – Алматы екенін ақыры мойындады

Сәрсенбі, 16 Тамыз , 2017 22:35

Талай жылдардан бері осы жемістің ең алғаш бүршік жарып шыққан жерін іздеп бас қатырған ғалымдар оның түп атасын Қазақстан деп жаһанға жариялады, деп хабарлайды КТК.

FiJ3IHW14hE19dHJ15Aj8T5WDXXr2h

Күллі елді елең еткізген ғылыми жаңалықты «Nature  Communications атты журнал басып шығарған. Онда Чжанцзунь Фэй есімді америкалық ғалым алманың отаны деп Қазақстанды атаған. Мақала «геномдық зерттеулердің нәтижесінде алма түрлерінің шығуы мен таралуын Жібек Жолымен байланыстырып отырмыз. Алманың түпкі атасы Малюс Сиверс және ол Қазақстанда пайда болған» деп басталады. Зерттеушілер алманың басқа елдерге қалай таралғанын картада сызып көрсетіпті.

Дәмі тіл үйірер жемісті еліміздің оңтүстік-шығысынан Еуропаға қарай әйгілі керуен жолы арқылы саудагерлер тасыған көрінеді. Ал бұған дейін алманың отаны атануға Орта Азияның басқа елдері мен Түркия таласқан еді. Өйткені бұл жемістің түр-түрі осы мемлекеттерде де өседі. Десе де, Алматы олардың алдын орап әкетті. Америкалықтар айтпай-ақ алманың Іле-Алатауы баурайында алғаш бүршік жарып шыққаны еш күмән келтірмеген. Тіпті, жайқалған алма бақтарының құрметіне қала атауының берілуі бекер болмаса керек.

Тағы да оқыңыз:

Жамбыл облысында қар көшкінінің астында қалған сарбаздардың өліміне жалғыз майор сотта жауап беруде

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Мамандар 35 мың тонна қарбыздан құрт табылғанын растады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар