Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының орталығында жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті (фото)

Алматыдағы Гоголь көшесінің бойында электр тогының соққысынан ер адам зардап шекті.

Оқиға туралы Индира Хаметчина есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасында жариялаған.

“Гогольдің бойында төтенше жағдай. Мені мен менің балаларым тұрған жерде бір метрдей жердегі құрылыс жұмыстарында жарылыс болып, жұмысшы жігіт қатты зардап шекті. Біз қатты шошып қалдық, бірақ дін аманбыз. Жанымыздан жедел жәрдемнің кетіп бара жатқаны жақсы болды. Жігіттің де жағдайы жақсы болса екен”, – деп жазады Индира.

Қалалық “Жедел жәрдем” қызметінің хабарлауынша негізінде жарылыс емес, электр тогының қатты соққысы орын алған. Қазір жараланған жігітті дәрігерлер тексеріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда ер адам тамағы орылып қансырап жатқанда өзін емханаға жеткізген джиптегі үш жігітті іздеуде (фото)

Өскеменде 2 жасар бала өртенген үйден шыға алмай мерт болды

Немересін бауыздап өлтірген нағашы атасы мастықпен шошқа сойып жатырмын деп ойлаған

Қарағандыда әскердегі сарбаз жерлесін ұрып өлтірді

Талқылау