Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Назарбаев мектебінің қызметкері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда Назарбаев мектебінің қызметкері Мансұр Жүнісов жұмбақ жағдайда  жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Мансұр Жүнісовпен бір университетте оқыған танысы әлеуметтік желіде жазып, қандай да бір ақпарат білетіндерден хабарласуын сұрады.

Танысының айтуынша, 1 желтоқсан күні үйінен шығып кеткен Мансұр қайтып оралмаған.

«Оның анасы мен біз группаласымызды іздеп жатқанымызға 3 күн болды. Ұялы телефонын үйде қалдырып кетіпті. Жұмысқа да бармаған. Ол – бойы ұзын, арықтау келген, көзілдірікті жігіт. Ол туралы қандай да бір ақпарат білетін болсаңыздар, хабарласуларыңызды өтінеміз», – деп жазды танысы Facebook желісінде.

Сонымен қатар ол Мансұрдың бұған дейін де екі күнге жоғалып кеткенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның кей өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Геннадий Бендицкий Беларусь ауруханасында қайтыс болған

Оқу, тұратын орын мен тамақ тегін: қазақстандық медреселерде қалай оқытады

Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы орнатылды

Талқылау