Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаскүнемдер таксисті өлтіріп, оның көлігін сатуға қойған

Алматы облысының полициясы таксисті өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Пышақталған ер адамның мәйіті 12 желтоқсан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Амангелді ауылының маңынан табылды.

Полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол Volkswagen Golf 4 көлігімен жеке тасымалдаумен айналысқан 28 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.

Таксисті өлтірді деген күдіктілер екі тәуліктен кейін ұсталды.

«Күдіктілер Талдықорған дәмханаларының бірінде ұсталды. Олардың айтуынша, қылмыс Алматыда жасалған. Оны жасыру мақсатында зардап шегушінің мәйітін облыс аумағына әкеліп тастаған. Қылмыс қаруы болған қалта пышағы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды», — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Күдіктілер  Кебұлақ ауданының екі тұрғыны екен. Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған: бірі қарақшылық, екіншісі алаяқтық жасаған. Белгілі болғандай, таксистің автокөлігі интернет арқылы сатуға шығарылған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда сөндірілмей қалған темекіден 1 миллион теңге шығын келді

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Шымкент әуежайы тұманды ауа-райына байланысты жабылды

Qazkom Халық банкіне қосылады

Талқылау