Алматыда атыс жасаған лаңкес судья мен прокурорларды өлтірмек болған

Сейсенбі, 19 Шілде , 2016 16:12

Алматыда атыс жасаған Руслан Күлікбаевтан жауап алынды. Ол барлық құқық қорғаушылардан өш алғысы келіп жүргені жайында айтты, деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов.

12556706

Сурет: © REUTERS

Олардың ішінде судьялар, прокурорлар, арнайы орган қызметкерлері және полицейлер бар.

«Сондықтан кеше ол сағат 10:00-де алдымен Алмалы аудандық сотына барған. Оның рюкзагында қару болды. Ол сол жерде ол судьялар мен прокурорларды өлтіруді жоспарлаған. Шамамен 30-40 минуттай күткен. Ешкім шықпағаннан кейін ол 200 метр шалғай орналасқан Алмалы аудандық ішкі істер департаментіне бет алған», – деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, кеше Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы ауруxаналарында 8 полицейдің жатқанын xабарлаған.

Бүгін Алматыда тағы бір полицей қызметкерінің көз жұмғанын хабарлаған едік.

Бүгін шаһар басшысы қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңдаауруханада үш адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар