Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда арықтан табылған әйелдің өліміне қатысты күдікті ұсталды

Полиция Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы арықтан табылған 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда арықтан табылған әйелдің өліміне қатысты күдікті ұсталды

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелген. Күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінг тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді ІІД-дегілер.

Сонымен қатар Медеу аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты күдіктіні 2 айға қамау туралы санкция бергені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда әл-Фараби көшесіндегі ғимарат жанынан қыздың денесі табылған еді. Куәгерлер марқұм қыздың сол арадағы тұрғын үйлерде пәтер тазалаушы болып жұмыс істегенін айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау