Алматы облысындағы интернатта 10 жасар баламен жартылай жалаңаш ұсталған әйел жұмыстан қуылды

Қаскелеңде 10 жасар аурушаң баламен бір бөлмеде жартылай жалаңаш жатқан  тәрбиеші жұмысынан қуылды.

Ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернет қызметкерлерінің айтуынша, әйел бұрыннан  денсаулығына байланысты демалысқа шыққан, деп жазды  Sputnik Казахстан.

“Жұмыстан шығару туралы бұйрық 14 наурызда шықты. Демалыстан келегеннен ол жұмыстан шығарылды”, – деді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Жұмағалиева.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, интернат директоры да қызметінен босатылған.

24 ақпанда аутизммен ауыратын баласын алып кетуге барған ер адам баласын жартылай жалаңаш әйелмен көріп, желіде шу шығарған еді.

“Оның жүрегі ауырған. Сосын, танысын көмекке шақырған. Танысы есінен айырылып бара жатқан тәрбиешінің қолын уқалаған. Бала сол тәрбиешінің қарауында болды. Ол тынымсыз болғасын, бөлмеге өзінің жанына кіргізіп алған,”, – деді Гүлнәр Жұмағалиева.

Бұдан бұрын дәрігерлер тәрбиешіге “невралгия тройничного нерва” диагнозын қойған.

Әйел интернатта 2009 жылдан бері қызмет етіп келген.

Тағы оқыңыз:

Қала орталығындағы ойын-сауық орталықтарының құрылысына тыйым салу керек. СО неге адам өміріне зиян?

Сіздің балаңыз бұл туралы білуі керек: Өрт кезінде аман қалудың үш ережесі

Қайтыс болғаннан кейін босанған әйелдің сүйек қалдықтары табылды

Үнемі қарны ашып жүретін қыз ең сұлу ару атанды

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар