Қала орталықтарындағы ойын-сауық сауда орталықтарының құрылысына тыйым салу керек. Олар адам өміріне не себепті қауіпті?

Ресей маманы Григорий Ревзин ойын-сауық орталықтарының адам өміріне қандай қауіп төндіретінін айтты. Қазақстандықтар қала орталығына салынатын ойын-сауық орталықтарының құрылысына тыйым салу керек деген ұсыныс тастады.

“Мұнда, ең бастысы, адамдар метрода да, әуежайда да қозғалыста. Бірақ, мұндай жерге жиналған адамдарға ешқайда баруға болмайды, оларға тек ештеңе істемей тұру керек. Сонымен қатар, сауда тұрғысынан алғанда, ондағы есіктер бірден көзге көрінбейтіндей етіп, адамдар жүргенде барлық жерді аралап шығу үшін әдейі салынған. Барлығы адамдардың уақытын алу мақсатында жасалған.

Үш түрлі хаттама бар. Өрт қауіпсіздігі эвакуацияның максималды жылдамдығын және шығудың максималды санын талап етеді. Бірақ терроризмге қарсы қауіпсіздік хаттамасында әр кіріске кіру және тексеру қиындықтары туындайды. Ал, ұрылардан қорғау хаттамасы шығуға қиындық тудырды. Бұл жердегі маңыздысы адамдар мен тауарлардың қауіпсіздігі. Сондқытан шығу есіктерін ашып қоя алмайды. Есіктерді барлық жерде жаауып қояды”, – дейді Ревзин

Ол келушілерді қызықтыру үшін интерьерді үнемі жаңарту керегін, яғни визуалды оқиға жасау қажет екенін ескертті.

“Ғимараттағы жиһааздар арзан әрі өртену қауіпі жоғары. Оларды адаамдарды қызықтыру үшін үнемі ауыстырп отырады. Оған қоса, өртенуге икемді пластик қоқсытар. Адамдар мұндай жерлерде қауіпсіз болу үшін алдын ала дайын болуы керек. Сіз ол жаққа көңіл көтеруге барасыз ғой. Ол жерге адамдарды күштеп апармайды ғой”, – дейді маман.

Германияда сауда орталықтарының құрылысы қалаға 10-15 қашықтықтан жақындауға тыйым салынған. Бұл көлеміне қарай қауіпсіз, бірақ мәселе мұнда емес. Бұл адамдардың шамадан тыс шоғырлануына қарсы шаралар.

“Енді біз балалар аттракционы мен алаңдарына бармайтын боламыз. Бізде қазіргі уақытта Қазақстанда салынып жатқан құрылысты тоқтата алмаймыз, бірақ енді қала орталығында құрылыс орталықтарын ашуға мүмкіндік бермеуіміз керек“, – деп жазды журналист Гүлнәр Бажкенова.

Оның әріптесі Жанар Канафинада өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, сауда орталықтарының есіктері адамдардың ғимаратты жылдам аралап шықпауы үшін әдейі жасалған. Бұл маркетинг.

“Мұны Достык Плаза сауда орталығынан көп байқаймын. Бір кірсең, шығаламай, айналып қаласың. Сонымен қатар, Мега, Есетай, тіпті, Глобустан да байқауға болады. Соңғысында төменге түсу үшін экскалаторды пайдалану керек. KFC-дің өз шығаатын есіктері бар. Бірақ ол қызметкерлердің өрт жағдайында шығатын есіктеріне ұқсайды”, – деп жазды Канафина.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтар өрт қауіпсіздігін сақтамайтын СО-на бойкот жариялауды ұсынған еді.

Тағы оқыңыз:

Сіздің балаңыз бұл туралы білуі керек: Өрт кезінде аман қалудың үш ережесі

Қайтыс болғаннан кейін босанған әйелдің сүйек қалдықтары табылды

Үнемі қарны ашып жүретін қыз ең сұлу ару атанды

Жас жігіт әскерге бармау үшін 30 келі салмақ қосқан

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар