Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнемі қарны ашып жүретін қыз ең сұлу ару атанды

АҚШ-та сирек кездесетін ауруға шалдыққан қыз сұлулық байқауында жеңімпаз атанды.

Анна Ханкинс Прадера-Вилли дертімен ауырады. Бұл дертке шалдыққан адам үнемі тамақ жегісі келіп тұрады.

Ата-анасы қызының өзгелердің табағындағы тамақты тартып жеп қоятынын, бір қап печеньені тез арада тауыса алатынын, тіпті қоқыс арасынан тамақ іздеп кететінін айтады. Сол себепті ата-анасы тоңазытқыш пен шкафарға құлып жасатып тастаған.

Қазір Анна 15 жаста. Салмағы 172 келі. Ол тек пайдалы тағамдармен тамақтанғанымен арықтай алмайды. Ол ән айтып, макияж жасап, шаштараздық жұмыстамен айналысады.

Анасы өзгелердің қызын саусағымен көрсетіп мазақ қылатынын айтады. Ал, қызы көптің көзіне түскенді ұнатады екен.Сондықтан ол сұлулық байқауына бақ сынауға бекінген. Ақыры бас жүлдені иеленіп, енді штат атынан ұлттық байқауда өнер көрсетеді.

Тағы да оқыңыз:

Сарапшылар болашақтағы ең мықты саналатын елдерді атады

Дәретханаға түскен телефонды алмақ болған үш адам көз жұмды

Павлодарлық бір отбасы Кемероводағы өртте көз жұмған

Талқылау