Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық бір отбасы Кемероводағы өртте көз жұмған

Павлодар тұрғыны отбасы мүшелерімен бірге Кемероводағы «Зимняя вишня» орталығында мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Павлодар-Водоканал ЖШС-нің жұмысшысы 57 жастағы Марина Баранова қызы Наталья Усинова, немересі 4 жастағы Ульяна Устиновамен бірге өртте қаза болды.

«Өртте менің әпкемнің сыныптасы көз жұмды. Ол 16-лицейде оқитын. Наталья үзік оқушы болды. Лицейді қызыл дипломмен бітірді. Ол өртте қызымен бірге көз жұмды», – деп жазады мектеп түлегі Вероника Гончарук.

Наталья мен Ульяна Устинованың есімі жеке тұлғасы танылған марқұмдардың тізімінде тұр.

Марина Баранованың тағы екі немересі Артем мен Арина да өрт кезінде мерт болған болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Естеріңізге сала кетейік,  25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Сағынтаев: Кемероводағы қайғылы жағдайдан сабақ алуымыз керек

Кемеровода терезеден секіріп өрттен аман қалған баланың жақындары түгел көз жұмған

Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

Путин: Кемероводағы өрт немқұрайлық пен тәртіпсіздік себебінен болған

Талқылау