Сіздің балаңыз бұл туралы білуі керек: Өрт кезінде аман қалудың үш ережесі

Адамдар төтенше жағдайға тап болғанда дүрлігемін деп,  бағалы уақыттарын жоғалтып жатады. Ондай кезде бойыңдағы үрейді жеңіп, қиындықтан шығудың жолын іздеу керек.

Көптеген адамдар төтенше жағдайда қандай әрекет ету керек секілді сабаққа немқұрайлы қарайды. Бұл дәрістерде газ маскасын қалай қолдану керектігі туралы, сондай-ақ қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ету секілді ережелер үйретіледі. Осындай сабақтардың маңыздылығын қиындыққа тап болғанда ғана түсінеміз. Ал қазіргі заманғы мектептерде мұндай дәрістерге селқос қарайды.

Кемероводағы өрттен кейін «Стоп Угроза» балалар қауіпсіздігі бойынша кеңес беру орталығы барлық ата-аналар білуі тиіс маңызды жазба жариялады. Бұл аталған кеңестер адам өмірін сақтауға көмектеседі.

«Стоп Угроза» балалар қауіпсіздік кеңесі орталығының жетекшісі Лия Шарова Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін әр балаға үйрету керек ережелер туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Назарларыңызға өрт немесе түтін басқан бөлмеден шығудың бірінші ережесін ұсынамыз.

1. Зәр шығарылған шарфты пайдаланыңыз

Біз үнемі өзімізбен бірге су көтеріп жүрмейміз, балалар тіпті алмайды. Дегенмен көпшілігі өрт кезінде  түтінге тұншығып мерт болады. Сондықтан түтінге уланып қалмас үшін шарф, футболка, көйлек, жейде, белдемше секілді кез-келген киімді пайдалануымыз керек. Қандай киім болмасын соған зәр шығарып, сол тінмен  дем аламыз. Зәр түтін мен улы заттарды суға қарағанда әлдеқайда жақсы сүзеді.

Балалар бұған қанша күлгенімен, дегенмен барлығы қауіпті жағдайда оның ұят емес екенін біледі.

2. Балаларға есіктен шығу ойынын үйретіңіз

Тек балалар ғана емес ересектер де қиындықтан шығу ойыны туралы білуі керек. Біз өрт кезінде үйден қалай шығу туралы сұрақпен ешқашан ойланбаймыз. Ал оны жылдам және көңілді жасауға болады. Бұл ойынды балаға үйрете отырып, оған өзіңіз де назар аударасыз. Сондықтан, 2-3 апта ішінде, кез келген бөлмеге кіріп өрт кезінде қайда жүгіретініңді көр.

3. Қалың топтан шығатын жол

Бұл кеңес үш ережеден тұрады:

Біріншіден, қалың топтың ішінен туыстарың артта қалып қалса да тоқтаусыз қозғалыс бағытында жүреміз. Сіздер сыртқа шыққаннан кейін кездесесіздер.

Екіншіден, бұрыштардан, тіректерден, кез-келген кедергілерден абайлап айналып өтіңіз. Ол үшін алыстан алдымызда не тұрғанын бақылаймыз. Содан кейін қолымызды кеудеге айқастырып, шынтақты сәл алға шығарып, иығымызды ұстап жүреміз. Егер қысылып кетсеңіз, еркін демалсаңыз болады.

Үшіншіден, егер біреу құлап қалса бір жерге үйірілмейміз. Сіз орныңыздан үш секундтың ішінде тұрып үлгеруіңіз керек. Ондай жағдайда кез-келген адамның аяғына жармасып болсын тұрыңыз. Тіпті жолаушы басыңнан қойып келсе де, орныңнан тұруға уақыт жеткілікті. Осы үш ережелерді міндетті түрде үйде жасап көріңіз, сондай-ақ ешқашан жадыңыздан шығармаңыз.

Оқи отырыңыз:

Қайтыс болғаннан кейін босанған әйелдің сүйек қалдықтары табылды

Үнемі қарны ашып жүретін қыз ең сұлу ару атанды

Жас жігіт әскерге бармау үшін 30 келі салмақ қосқан

Ұшақта қорыққанынан ән айтқан жолаушы әйел желіде «жұлдызға» айналды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар