Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болғаннан кейін босанған әйелдің сүйек қалдықтары табылды

Италияда ғалымдар қайтыс болғаннан кейін босанған әйелдің қаңқасын тапты. Кірпіш табытынан табылған ана мен шақалақтың сүйек қалдықтары осының дәлелі болмақ.

Бұл туралы Science Alert хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Феррар және Болонья университетінің ғалымдары Имола қаласынан әйел адамның сүйек қалдықтарын тауып алған. Зерттеу кезінде табылған қаңқаның VII-VIII ғасырларға тиесілі екені анықталды. 25-35 жас аралығындағы әйел жүктіліктің 38-ші аптасында қайтыс болған екен. Табыттағы баланың басы мен денесі әйелдің бөксесінде, ал аяқтары анасының жамбас аймағында болған.

Зерттеушілер табылған сүйек қалдықтарын талдай келе, әйел қайтыс болғаннан кейін босанған деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда ұрық әйелдің жатырынан ыдырау кезінде іш қуысында қалыптасқан газдар арқылы қысылады. Алайда, оның табиғи туылудан айырмашылығы онда жатыр ашылмай, үзіледі екен.

Жіберіп алмаңыз:

Үнемі қарны ашып жүретін қыз ең сұлу ару атанды

Жас жігіт әскерге бармау үшін 30 келі салмақ қосқан

Ұшақта қорыққанынан ән айтқан жолаушы әйел желіде «жұлдызға» айналды (видео)

Ақтөбе облысында өкшелі етігімен Нива көлігін сүйреген әйел жұртты таңғалдырды

Талқылау