Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында коммуналдық қызмет соғыс ардагерін сотқа беріп, зейнетақысының жартысын қиып алған

Алматы облысының Ақсу ауданында коммуналдық қызмет Отан соғысының ардагерін сотқа беріп, зейнетақысының жартысын қиып алған. Елі мен жері, болашақ ұрпағы үшін майданда ерлік көрсеткен соғыс ардегері Ермұхан Рысбеков зейнетақысынан қиылған 45 мың теңгеге бола емес, арының тапталғанына қынжылып отыр.

Алматы облысында коммуналдық қызмет соғыз ардагерін сотқа беріп, зейнетақысының жартысын қиып алған

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агеннттігі хабарлайды.

Ал, атасын 16 жыл бойы өзі қарап отырған Данагүл коммуналдық қызметтегілердің әрекетін ақшаны алғаннан кейін бірақ білдік дейді. Осыған дейін коммуналдық қызметке қарыз болып көрмеген қарияның отбасы бұл жайтқа аудан әкімін кінәлап отыр.

94 жастағы соғыс ардагерін 16 жыл бойы қарап келген немересі Данагүлдің сөзінше,  Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далғабаев биылғы дылы жылудың ақшасын өзі төлеуге уәде берген екен.

«Өзіміздің Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далғабаев келіп, біздіңжағдайымызға қарап, екі жылытқыш әкеп берді. Енді  жылытқыш қосыңыздармен, жарытың да жылудың да ақшасын өз қалтамнан төлеп беремін деді. Білдей бір ауданымыздың әкімі болған соң сол кісінің сөзіне сеніп қалдық»,-дейді соғыз ардагерінің немересі Данагүл Ермұханова.

Дегенмен,  аудан әкімі бұл сөзін жоққа шығаруда. Ол жылудың ақшасын төлеймін деп уәде берген жоқпын деп, сөзінен тайды.

«Жылуды төлеп беремін деп уәде берген жоқпын. Кеткен электр энергия жүйесін жылытқыштар тұрғаннан біз төлеп береміз деп уәде бергенбіз. Оны түгел төлеп бердік, құжаттары қолымда. Ылғи үлкен ақсақалды алдына салып, сол кісінің атын жамылып, өзі жұмыс жасамайды», – дейді Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далғабаев.

Ал, ары тапталған 94 жастағы қария өзін сотқа бергендер жайлы сөз қозғамады. Дегенмен, соғыс ардагері осыдан 5 жыл бұрын  берілген пәтерді  де әлі өз атына жаздыра алмай отырмын деп, күнсінеді.

Соның құжатын бермей отыр. Ол қалай екенін білмеймін. Үйдің құжатын әлі бермеді, не үшін бермей отыр түсінбеймін»,-дейді ҰОС ардагері Ермұхан Рысбеков.

Осыдан бес жыл бұрын ардагерге берілген көпқабатты үйде бірде бір балкон жоқ көрінеді. Ал, тұрғындар үйдің қабырғалары тым жұқа салынғандықтан үй қыста аңырап, пана болмайды деп шағымдануда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау