Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы хайуанаттар бағында ауру жолбарысты шамандар азаптап жатыр

Соңғы кезде басынан дау арылмаған мекеменің бірі – Алматы хайуанаттар бағы. Мұнда тағы бір аң өлім ауызында жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ммм

Бұл жолы жолбарыс арам қатады деген ақпарат тарап, оның мүшкіл жағдайы бейнеленген суреттер мен бейнежазба жарияланды. 6 жасар аңның орнынан тұра алмай, қу сүйегі қалғаны көрініп тұр. Өз бетінше қоректене де алмайды. Ал су беру үшін оны арнайы тақтайға байлап, сыртқа шығарады. Ең сорақысы жолбарысты емдеуге зообақтың көпжылдық тәжірибесі бар ветеринарлары шеттетіліп, сырттан адам шақыртылған. Бірақ олар жануардың жанбасындағы ашық жараға массаж жасап, оның жанын қинайды екен. Өкінішке қарай бүгін зообақ ішіне кіруге тыйым салынып, басшылық тек жолбарыстың жағдайы дұрыс екенін хабарлады.

“Олар жануарды емдеуде халықтық тәсілдерді қолданып, дем салынған су ішкізеді. Қазір оны аяғынан тік көтеру мүмкін емес. Зообақ ветеринарлары оның өлетінін айтты, бірақ директор орнынан айырылып қалмаудың амалын жасап, жолбарысты қинауда. Үміт қалмаған жағдайда тәртіп бойынша оны дәрі беріп, өлтіру керек”, – дейді Алматы хайуанаттар бағының бұрынғы қызметкері Ғани Шоқотаев.

Талқылау