Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде боранның кесірінен толғағы басталған келіншек сәбиінен айырылды

Ақтөбеде боран соғып, жолдарды қар басқан күні толғағы басталған жүкті келіншек облыс орталығынан адамдар келгенше ішіндегі сәбиінен айырылды.

1415101947_article3205

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жолдың болмауы салдарынан аяғы ауыр келіншекке аудандық дәрігерлер тек 4 сағат өткеннен кейін жеткен. Ал облыс орталығынан шақыртылған ақ халаттылар тіпті төтенше жағдайлар департаментінің жол талғамайтын автокөлігімен 7 сағатта дегенде әрең жеткен.

Гүлжанат Кемалова өткен боранды күндері ауылынан облыс орталығына дер кезінде жете алмаған науқастардың бірі.  Ақтөбеден 300 шақырымдай жерде тұратын тұрғын толғағы қысқан күні жолдар жабылып, көлік қатынасының мүлдем болмай қалғанын айтады. Ауылынан Кеңқияққа әрең жеткен келіншекке дәрігерлер де көмекке кеш жетіпті. Алдымен аудандық дәрігерлер, одан кейін облыс орталығынан төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге шақыртылған ақ халаттылар Гүлжанаттың ішіндегі баланы аман алып қала алмапты.

“Төрт сағат бойы жан-жаққа звондады көмек сұрап. Врачтар жүгіріп жатты, есімді білген кезімде.  Қан кету көп болғандықтан баланы алып қала алмаған. Тек өзімнің аман қалғаныма шүкіршілік етемін”, – дейді тұрғын Гұлжанат Кемалова.

Дәрігерлер қазір сәбиінен айырылған келіншектің жағдайы бір қалыпты деп отыр. Дәрігерлер жеткенше шаранадағы сәби іштен кеткен қанға тұншығып қалған. Тағы 2-3 сағатқа кешіккенімізде ананың өз өмірін аман алып қалу екі талай еді дейді дәрігерлер.

“Қан кету белгілері болғаннан кейін біздерді шақыртты. Төтенше жағдайлар көліктерімен жолды ашып барып, сол түнде өмірлік көрсеткішке байланысты операция жасалынды. Бұл әйелдің енді екінші туған күні деп есептеуге де болады. Өйткені егер  үлгере алмай қалған жағдайды, Шұбарқұдықтың дәрігерлері де үлгермегенде мүмкін жоғалтып та алуымыз мүмкін еді”, – дейді Ақтөбе облыстық перзентханасы №1 аушер-гинекология кафедрасының ассистенті Мұхит Сәрсенбай.

Ал бұл келіншек сол қатынас үзілген боранда Ойыл ауданынан ұшақ арқылы жеткізілген. Тік ұшақпен дер кезінде жеткізілген келіншек перзентханаға түскеннен кейін жарты сағаттың ішінде босанып,  Абдуллах және Абдулрахим есімді екі егіз ұл бала дүниеге келіпті.

Жалпы боран күндері облыс аумағында 8 автокөлік жолда қалып, қар құрсауынан 100-ге жуық тұрғын құтқарылды. Солардың ішінде 67 жолаушы жылыту пункттеріне жеткізілген. Ал, ақпан айы басталғалы Ақтөбеде боранмен қоса аяз да күшейді. Соның салдарынан өткен аптаның соңғы күндерінен бері қаладағы барлық мектептерде бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда ойыншық үшін адамды бөлшектеп қоқысқа тастағандар сотталды

Қызылордада 9 жастағы бала абайсызда атылып өлді

Ақтауда 4 жасар өгей ұлын шыңғыртып сабайтын әйел көршілерін шошытты

Талқылау