Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 6-қабаттан құлаған үш жасар бүлдіршін аман қалды

Ақтөбе қаласында кішкентай бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап, аман қалды.

2178622

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Оқиға дүйсенбі, 26 маусым күні Құлымбетов көшесі, 196 үй мекен жайында орын алды. Шыбын-шіркей торы баланың салмағымен жыртылып кеткен.

“Жәбірленушіні тексергенде, бас сүйегінің сынуы және іштің жабық жарақаты диагнозы қойылды”, — деп мәлім етті жедел жәрдем ауруханасының сарапшы дәрігері Татьяна Топельская.

Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Дәрігерлер сондай-ақ осыған ұқсас жағдайдың Ақтөбе маңындағы Қарағалы кентінде 23 маусымда болғанын айтты. Бірақ ол жерде сәби шетінеген. 11 айлық бала шыбын-шіркейге арналған торды бұзып, бесінші қабаттан құлаған.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер зымыранның құлауынан зардап шеккен науқастың жағдайын айтып берді

Жақсылық Досқалиев: Бүгін өлсем барлық қажет жерге ағзамды берер едім

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Балалардың ойнап жүрген фиджет спиннер ойыншықтары зиян ба?

Талқылау