Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп директоры мұғалімдерді құлша жұмсап ыдыс жуғызып қойған

Ақтөбе облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары балаларын сабаққа жібермей қойды. Жосалы елді мекенінің жұрты осылайша, мектеп директорының қызметінен кетуін талап етіп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

ымым

Өйткені білім ошағының басшысы қарамағындағыларды құлша жұмсап, өз үйінің жұмысына салып қояды дейді олар. Қарсы шыққандарын тіпті себепсіз жұмыстан қуады екен. Ал, директордың бұл әрекетін аудандық мәслихаттағы депутат күйеуі қолдап отыр.

Қарғалы ауданына қарасты Жосалы ауылындағы мектепке бүгін оқушылар орнына ата-аналары келді. Олар білім ошағының басшысын орнына кетірмей, балаларын жібергісі жоқ. Өйткені Гүлмира Биісовадан көңілдері қалған. Айтуларынша, ол қарамағындағыларды құлша жұмсап, қарсы келгендерін сөзге келместен жұмыстан қуады екен.

“Үйінде ыдыс жудым. Малын жайладым. Балалар үшін жүрдім. Мектепте жұмыс істеу үшін”, – деді Жосалы ауылының тұрғыны Зәуреш Тәутенова.

Мектеп мұғалімдері де директордың себепсіз ақша жинауынан шаршағандарын айтады. Онымен қоймай оқытушыларды балалардың көзінше балағаттау үйреншікті әдетіне айналыпты.

“Есуассың” деп балағаттайды. Үндемейсің, басыңды бұғасың да кетіп қаласың.Дәлізде балалардың көзінше айғайлайды. Естімегендей болып бұғып кете қаласың”, – дейді Жосалы орта мектебінің мұғалімі Жауқазын Терекбаева.

Мектеп директорының қылығын аудандық мәслихаттағы депутат күйеуі қолдап отыр. Оған қарсы ауыз ашқандарды Серік Биісов орнына қояды дейді ауылдастары. Бұл жолы да ол халықты қаралап шыға келді.

Мектеп директоры Гүлмира Биісова да өзіне шаң жуытқан жоқ. Қарсы келгенмен енді ол сотқа кездеспекші.

“Менің ешқандай үй қызметкерім жоқ. Жұрттың айтқаны жала. Қазір адвокатым менің арызым бойынша айналысып жатыр”, – деп жауап берді директор Гүлмира Биісова.

Жосалы ауылының тұрғындары мектеп директорына қатысты облыс әкімінен бастап, білім саласына жауапты барлық мекемелерге арыз жазған. Бірақ олардың ешбірінен қайран болмапты. Мектептегі жағдайды біліп кетуге мұнда бір де бір шенеунік ат ізін салмаған.

БАҚ өкілдері барғаннан кейін ғана білім басқармасындағылар тексеруге адам жіберіпті. Бірақ олар жетем дегенше Гүлмира Биісова директорлықтан кету туралы арыз жазып қойған. Дегенмен, ерсі қылықтарына қатысты тексеру тоқтамайтын болды.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты

Астаналық азамат отбасынан адасып құлдықта болған ер адамды туыстарымен табыстырды

Шашын қызылға бояп, шарап ішетін енелер кімге үлгі болмақ?

Талқылау