Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық ерлі-зайыптылар тамағынан бауыздалған итті құтқарып қалды

Ақтаулық ерлі-зайыптылар тұрғын үйдің ауласынан тамағынан бауыздалған итті тауып алды. Жануар далада 4 сағаттай жатқан.

Ақтаулық ерлі-зайыптылар тамағынан бауыздалған итті құтқарып қалды

Бұл туралы “Лада” басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайырымды жандар итті ветеринариялық емханаға жеткізген. Ол жерде жануарға ота жасалған.

Итті құтқарған Светлана Магомадованың айтуынша, аулада ойнап жүрген балалар мұндай айуандықты кімнің жасағанын көрген.

“Балалар кімнің жасағанын, қалай жасағанын көрген. Бір жақсысы, подъездің алдында камера бар”, – деп атап өтті Светлана Магомадова.

Светлана күйеуімен бірге полицияға арыз түсіруді ойлап отыр. Айтуынша, жануар тірі қалғанымен, оған әрі қарай күтім қажет. Қазіргі уақытта итті асырай алатын адам іздестірілуде.

Айта кетейік, жақында ғана алматылық Роман Чекмарев дәл осылай мысықтарды бауыздап өлтірген болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау