Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың батысы 23 жылдан бері мегақұрғақшылыққа тап болды

Батыс Вирджиния университетінің (WVU) америкалық ғалымдары Америка Құрама Штаттарының батыс бөлігі кейінгі 1200 жылдағы ең ауыр құрғақшылыққа тап болғанын анықтады. Мұнда халық 23 жылдан бері су тапшылығына кезікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Ғылыми мекеме сайты бұл дағдарысты мегақұрғақшылық деп атауға болатынын атап өтеді. Алайда оның себептері толық зерттелмеген.

Сарапшылар қазіргі 23 жылдық құрғақшылық  8 ғасырдан бергі ең нашар екенін анықтады.

Баяндама авторлары мегақұрғақшылық ылғалдың жетіспеуімен ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің ауадан көмірқышқыл газын сіңіру қабілетінің төмендеуімен сипатталатынын атап өтті. Ауадағы көмірқышқыл газының жоғары концентрациясы одан әрі жылынуға ықпал етеді және жағдайды нашарлатады.

Алдағы онжылдықтарда бүкіл әлемде мегақұрғақшылық болады деген болжам бар. Бұл зерттеулер басқа ғалымдарды құрғақ аймақтардағы экожүйелердің жағдайы туралы ақпараттандыруға көмектеседі.

Мамыр айында Қазақстанда 40°С ыстық болады деп хабарланған еді. Мамандар су тасқынынан кейін Қазақстанды қуаңшылық күтіп тұрғанын айтты. 

Талқылау