Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бос бөтелкелерін көліктен лақтырып жібереді": Депутат елімізде қоқыс тастау мәдениеті қалыптаспағанын айтты

2024 жылдың 2 мамыр күні парламенттің кезекті отырысында мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев премьер-министр Олжас Бектеновке азаматтардың тазалыққа қатысты мәдениетін қалыптастыру туралы сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Дәулет Мұқаев сөз басында дана халқымыз "Таза болса табиғат, аман болар адамзат" деп бекер айтпағанын тілге тиек етті. 

"Бұл сөздің мәні терең. Өйткені адам баласының бүкіл тыныс-тіршілігі, барша өмірі табиғатпен біте қайнасып жатыр. Қоршаған ортаның адам саулығымен, жай күйімен әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан маңайымызды таза ұстау, қоршаған ортаны күтіп-баптау, табиғатты аялау өте маңызды. Өңірлерді көп аралап, жұртпен жиі кездесемін. Жолда көп жүремін. Кейде таңғаларлығы, кейбір пысықайлар көшеде келе жатып, бос бөтелкелерін көліктің терезесінен лақтырып, қоқыс қалдығын, текемі тұқылын еш алаңдамай лақтыра салады", – деді депутат. 

Бұдан бөлек депутат қоғамда әлі де азаматтарымыздың қалдықтарды арнайы қоқыс тастайтын орындарға салу мәдениеті қалыптаспай отырғаны жасырын емес екенін айтты.



"Мысалы, пластик, әйнек және жаңа аталған полиэтилен пакеттердің шіруі мың жылға дейін созылады. Мұның жер анамызға тигізер залалы зор. Осы ретте дамыған елдердегідей тазалық мәдениетін қалыптасыратын шараларды қолға алу керек. Оның шешімі – жалпы жұртты қоршаған ортаны тазалауға, жаппай жұмылдыру, күнделікті тазалықты өмір салтымызға айналдыру қажет. Мысалы, аптаның бір күнін нақтылап айтсақ. Әр бейсенбіні "Таза бейсенбі" атты шынайы халықтық шараға айналдырсақ екен деймін. Адамдарды мәжбүрлеп емес, керісінше, өз ықыласымен туған жерге деген жанашырлықпен атсалысуына жағдай жасайық. Біз сол кезде ғана күн түн демей, ыстық-суығына қарамай, көшені тазалап жүрген ата-апаларымыздың еңбегін бағалауды үйренеміз. Ол үшін, әлеуметтік желідегі миллиондаған оқырманы бар танымал тұлғаларды, қоғам белсенділерін, ел тұрғындарын осы ортақ іске бірге атсалысуға шақырамын. Қадірлі ағайын, қашанда ұйымдасқан, ұтатын, біріккен, жеңетінін білетін ұлтпыз! Ел біздікі, жер біздікі", – деді Дәулет Мұқаев.

 

Талқылау