Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең ірі газбен жабдықтаушы компания халықтан негізсіз 1,2 миллиард теңге ақы алған

"ҚазТрансГаз Аймақ" тұтынушыларға негізсіз есептелген 1,2 миллиард теңгені қайтарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратура ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелеріне, соның ішінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ өндірістік филиалдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізді. 

Прокуратураның мәліметінше, тексеріс кезінде компания бөлімшелері әрекетінде реттелетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеуде бұзушылықтар анықталды. Тұтынушылардан газды бұру, пломбалау және алғашқы іске қосу қызметтері үшін негізсіз ақы алынған.

Компания мұнымен қоймай бұл қызметтер үшін негізсіз төлем сомасы шамамен 1,2 миллиард теңгені өзіне аударып отырған. 



"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалдарына қатысты жалпы сомасы 79 536 471 теңге болатын заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалды.

"Компанияның аумақтық бөлімшелері монополия субъектісінің филиалдарына тұтынушыларға негізсіз есептелген сомаларды қайтару және газды бұру, пломбалау және бастапқы іске қосу қызметтері үшін төлемақы алу тәжірибесін тоқтату арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды. 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін "ҚазТрансГазАймақ" филиалына жалған ақпарат үшін миллиондаған теңге айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны, әскери теміржол күзетінің бас директоры мен оның орынбасары 159 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырғаны туралы жазған едік.

Талқылау