Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бір жарым жасар сәби бесікке бөлегеннен кейін қайтыс болып кетті

Ақмола облысында бір жарым жасар сәбиі түнде бесікте жатып, тұншығып қайтыс болды.

Ақмола облысында бесікте жатқан бір жарым жасар сәби қайтыс болып кетті

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға облыстағы аудандардың бірінде орын алған. Анасы түнде бір жарым жасар баласын бесікке бөлеген. Ал таңертең оның тыныс алмай жатқанын көріпті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы сәбидің өлімін тіркеді.

«Медициналық қызметкерлер қайғылы оқиғаға дейін омыраудағы балаға қандай күтім жасалуы қажет екенін түсіндірген. Отбасы жақсы. Тағы балалары бар. Отағасы жұмыс істейді. Баланың дені сау болған», – дейді аудандық аурухана дәрігерлері.

Алдын ала болжам бойынша, анасы сәбиін бесікке бөлегеннен кейін, түнде сәби оянып, тұрмақ болып, оралып қалып, салдарынан тұншығып кеткен.

Полиция сәбидің денесін мәйітханаға жолдады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау