Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі Қайрат Нұртасқа автокөлік рөлін сеніп тапсыра алмайтынын айтты (видео)

Қайрат Нұртас әкесі Нұртас Айдарбековпен бірге Астанадан Павлодарға қарай жол тартты. Олармен бірге Қайратпен бірге ән орындап жүрген әнші Ғазизхан Шекербеков те бар. Жол қысқарсын деді ме, Қайраттың серіктері әншінің өзімен және әкесімен сұхбат жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz.

нуртас и кайрат

Сұхбат барысында жігіттердің бірі Қайраттың әкесінен балалары бола тұра не себепті рөлде өзінің отырғанын сұрады. Сонда Нұртас Айдарбеков:

«Өйткені балаларым Қайрат пен Айдын көбінесе оңтүстікте жүреді. Оңтүстіктің жүргізушілері. Ал бізде Астанада қар жауып кетті. Оның үстіне екеуі де жас. Біреуі – 30-да, екіншісі 27-де. Сол себепті екеуіне де онша сеніңкіремеймін», – деп жауап берді.

Қайраттың достары жол барысында «Ақ жол» радиосын ұйымдастырып, радио дәстүрі бойынша Қайраттан ән-шашу сұрады. Ал желі қолданушылары Қайраттың әніне тәнті, күлкісіне ғашық болды.


Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас халық әнін «бұзып» айтқан Қайрат Түнтековті сынады

Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас дуэт жаздырды

Баян Мақсатқызының күйеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды

Адамбайдың «Тараз» фильмі 4 күнде 85 миллион теңге табыс тапқан

 

Талқылау