Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамбайдың «Тараз» фильмі 4 күнде 85 миллион теңге табыс тапқан

«Тараз» криминалдық драмасы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жатыр. Фильмге қызығушылардың көптігі сонша, санаулы күнде түсірілімге кеткен шығынның жартысынан астамын қайтарып алған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

20161014214259

Туындының 4 күндік табысы 85 миллион теңге. Тіпті, жұрттың «Таразды» бір емес, бірнеше мәрте тамашалап жатқанына қарағанда, ол өз-өзін ақтап қана қоймай, мол пайдаға кенелетін сыңайлы.

Шынайы өмірден алынған сценарий, сәтті іріктелген актерлер мен оператордың жоғары деңгейдегі шығармашылық жұмысы. Осының бәрі үйлесім тапқан «Тараз» драмасын көрермендер бірінші күннен-ақ жоғары бағалады. Қазір осы туынды көрсетіліп жатқан залдардан ине шаншар орын жоқ. Фильм прокатқа шыққалы көрермен саны бойынша кинотеатрларда көштің басында тұр.

-Біздің күтетініміз – ең бастысы жақсы қорытынды. Және ойымызда жақсы көңіл-күй қалдыру.

Негізі, режиссер Нұртас Адамбай бұл туындыны түсіруге 400 мың доллар жұмсаған. Ал, фильмнің 4 күндік табысының өзі 250 мың доллардан асып отыр. Сондықтан, көрермен көзайымына айналып үлгерген криминалдық драманың өз-өзін емін-еркін ақтары сөзсіз.

“Бұл ойдан шығарылған оқиға емес. Фильмде тек шынайы өмірде болатын жағдайлар көрініс тапты. Ол сонысымен де қызық. Ешқандай артық кеткен тұсы жоқ. Кем түскен жерін де байқамадым”, – дейді кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

Комедиялық туындыларымен танылған режиссердің жаңа фильмі әлеуметтік желілерде де қызу талқылануда. Көрген киносынан мін таппай қоймайтын сыншылардың өзі «Таразды» мойындады.

“Соңғы рет осындай жоғары сапалы туындыны қашан көргенім есімде жоқ. Бұл фильм – біздің елдегі кино саласының дамуына жаңа жол ашты. Қазақ кинематографиясына осындай сапалы туындылар қажет”, – дейді каскадер, акер, Ерден Телемісов.

Жұрт мақтаған «Тараз» Лос-Анджелесте өткен кинофестивальде төл туындымыз қос бірдей марапат алған. Ал елімізде 13 қазаннан бастап прокатқа шыққан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Британиялық қыз өзінің алғашқы кездесуіне той көйлегін киіп барды (видео)

Баян Мақсатқызы «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсірмекті

Бүркіт туған інісі Әлиді шоу-бизнес әлеміне алып келді (видео)

Жаңа хит: Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасова тағы да дуэт жаздырды (видео)

Талқылау