Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызының күйеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды

Соттың хабарлауынша, Бақытбек Есентаевтің үстінен ауыр қылмыс жасағаны үшін іс қозғалғандықтан, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатыла алмайды.

есенаевтар

Продюсер оны кешіріп, бас бостандығынан айырмау туралы өтініш айтқанымен, оның бұрынғы күйеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын Баян Мақсатқызы Бақытбек Есентаевтің жазасын жеңілдетіп, түрмеге отырғызбауды сұрап еді. Өзінің Instagram-дағы парақшасында танымал продюсер бұрынғы күйеуін кешіруінің себебін түсіндірген еді. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінде хабарланғандай, продюсердің өтініші басты сот талқылау кезінде қарастырылатын болады. Жәбірленушінің тілегі жаза кесу барысында ескеріледі. Сотта Бақытбек Есентаевтің өзінің әйеліне зорлық әрекеттері бар күш қолданғаны және өлтірмек болғаны үшін айыпталып жатқаны хабарланды. Өлтіруге ниеттену аса ауыр қылмыстардың қатарына кіреді. Сол себепті екі тарап келісімге келсе де, ол қылмыстық жауапкершіліктен қашып құтыла алмайтын көрінеді. Ал зорлық әрекеттерін қолдану – орта деңгейдегі қылмыс болып саналады.

«Шешім шығару барысында жәбірленушінің талап-тілегі ескереледі», – делінген сот мәлімдемесінде.

Айта кетейік, биылғы жылдың маусым айында танымал продюсер Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болған. Бахытбек Есентаевтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне неліктен кешірім бергенінің себебін айтты

Баян Мақсатқызы «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсірмек

Нұртас Адамбай Баян Мақсатқызын қолдады: Жігіттер, Баян сіздерге соншама не істеп қойды?

Баян Мақсатқызының 13 жасар қызы ересек түр-келбетімен таң қалдырды (фото)

Талқылау