Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абайда зорланған 7 жасар баланың ісіне қатысты сот отырысы басталды

Шымкентте Абай аулында зорланған 7 жасар баланың ісіне қатысты сот процесі басталып, алдын ала тыңдалымы өтті.

Абайда зорланған 7 жасар баланың ісіне қатысты сот отырысы басталды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталған істе кәмелет жасқа толмағандар фигурант болғандықтан, сот жабық тәртіпте өтті. Сондықтан іс қанша атышулы болғанымен, қазақстандықтарға тек соттың шешімі әділ болатынына үміттену ғана қалды.

Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып арызданған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Бұған дейін Түркістан облысы Абай ауылында тағы бір жеткіншек зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанынайтып, көмек сұрады. Бас прокуратура Абай ауылында зорланды делінген екінші балаға қатысты пікір білдірді. Артынша Үш күдіктіге қатысты іс тоқтатылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау