Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің кей аймағында алдағы күндері ауа температурасы 30 градусқа дейін жылиды

Қазгидромет еліміз бойынша 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша республика аймақтарында жауын-шашын басылып, температураның жоғарылауы байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының көп бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашын тоқтайды. Елдің көп бөлігінде күндізгі ауа температурасы жоғарылайды. Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыстың тауларында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман, күндізгі уақытта найзағай болжанған. Республика бойынша жел күшейеді.



Термометрлердің бағандары түнде температураның ауытқуын көрсетеді. Ал күндіз батыста, оңтүстікте температура 25-30 градусқа дейін жылиды. Еліміздің солтүстігінде 20-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градусқа дейін температураның айтарлықтай жоғарылауы болжанып отыр.

Талқылау