Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылдың маусым айына арналған жұлдыз-жорамал

Үстіміздегі жылдың  маусым айында жұлдыздардың орналасуы жұлдыз белгілерінің барлығына да жайсыз болмақ. Сондықтан қызметіңізде, оқуыңызда, зеңгерлік істерде қиындықтар туындауы мүмкін. Жұлдыздар бұл айда маңызды іскерлік сапарға шықпауыңызды, жылжымайтын мүлікке байланысты жоспарларды кейінге ысыруға кеңес береді. Алайда маусым айы жеке өміріңізде орын алар тосын сыйларға толы болады.

54a96f2a3a3a0

Тоқты. Тоқты белгісі үшін маусым айы – рухани кемелдену үшін ең қолайлы уақыт. Қиындықтар мен жағымсыз жағдайлар өткен айдың еншісінде қалғандықтан, маусымда алдыңызда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Жұлдыздардың айтуынша, осыған дейін құп көрмеген істеріңізді дәл осы уақытта қолға  алғаныңыз жөн. Олар қызыққа толы әрі пайдалы болмақ.

Торпақ. Торпақтардың маусым айында қалтасы қалыңдап, бастаған жобалары алғашқы жемісін береді. Соның себебімен жиналып қалған қарыздарыңыздан арыла аласыз. Жұлдыздар бұған дейін тәуекелге бас тігуге батылыңыз жетпеген істерді бастауға кеңес береді.

Егіздер. Егіздерге маусым айы ғаламат мүмкіндіктер алып келгенімен, өміріңіздің барлық саласына ықпал ететін сындары да жоқ емес. Алайда жұлдыздар бұл айдың сіз үшін ең жағымды уақыт боларын айтады. Алдыңызға қойған мақсатыңызға нық қадам басып, жетістікке жетесіз.

Шаян. Шаян белгісі үшін маусым айына арналған жұлдыз-жорамал жақсылыққа толы болғанымен, бұл уақытта толғанысқа түсіп, өзіңізді жоғалтып алғандай күй кешесіз. Уайым мен үрейдің қайдан пайда болары да белгісіз. Дегенмен жұлдыз-жорамал бойынша маусымның күтпеген тосын сыйлар мен жағымды жағдайларға  толы боларын есіңізге саламыз.

Арыстан. Арыстандар үшін маусым айы бірқалыпты әрі тыныш өтпек. Десе де ол үшін сізге сабырлылық пен ұстамдылық танытып, әр жағдайға дұрыс баға бере білуге үйрену қажет. Отбасылы арыстандардың шаңырағында тыныштық пен береке орнайды. Ал серігіңізді таппаған болсаңыз, бұл айды өзіңізді жетілдіруге арнағаныңыз жөн.

Бикеш. Бикеш жұлдыз белгілеріне жұлдыздар 2016 жылдың өнімді боларын уәде етсе, маусым айында жетістікке жетіп, табыс шыңына шығасыз. Арман-мақсаттарыңызға қол жеткізу оңайға түсіп, алға басқан қадамдарыңызға еш нәрсе де бөгет бола алмақ емес. Дегенмен жеңілдік пен таңдау еркіндігінің көптігі әрдайым тиімді бола бермейтіндіктен, кей тұстарда абай болғаныңыз ләзім.

Таразы. Таразылар маусым айында туыстарына қамқорлық танытуына тура келмек. Оған қоса кәсіби біліктлігіңізді арттырып, заңгерлік мәселелерді шешуге тиіссіз. Бұл айда шұғыл түрде заңгерлік құжаттарды дайындау қажеттігі туындауы әбден мүмкін. Ол мұрагерлікке, көлік сатылымына, жылжымалы мүлікке қатысты болады.

Сарышаян. Сарышаяндар үшін маусым айы өзімен-өзі қалуға мүмкіндік беріп, жүрегінің тереңіне үңіліп, діттеген мақсаттарын сана сарабына салуға жағдай жасамақ. Жұлдыздар бұл уақытта бір орында тұрақтап, барлық іс-әрекетіңізді ой елегінен өткізіп, бағытыңыз бен таңдаған жолыңыздың дұрыс-бұрыстығын аңдауға кеңес береді.

Мерген. Мергендер маусым айында екіұдай күй кешеді. Бір жағынан қызметтік мансабыңызда биіктеу үшін жұмысыңызда белсенділік танытуыңыз қажет. Бірақ бұл ай көшбасшылыққа ұмтылған мергендер үшін жағымсыз уақыт болмақ.

Тауешкі. Тауешкі белгісінің өкілдері алға қарай жылжу үшін ұсақ-түйектерге артық күш жұмсамайды. Олардағы ерекше қасиет те осы. Сондықтан маусым айы өмірлік маңызды мақсаттарыңыз бен бағыт-бағдарыңызға, жоспарларыңығза бар ойыңызды шоғырландыруды талап етеді.

Суқұйғыш. Суқұйғыштар үшін маусым айы – сәттілік пен бақытқа толы. Бұл ай сіз үшін барынша жағымды сипатта болмақ. Алдыңызда ойыңызға кіріп те шықпаған жаңа белестерге жол ашылады. Осы себепті жұлдыздар ештеңеден тайынбай, тәуекелге бел байлап, бақыт құсын ұшырып алмас үшін барыңызды салуға кеңес береді.

Балықтар. Балық белгісінің өкілдеріне маусым айында өз игілігі үшін қызметінде көп іс тындыруға тура келеді. Бұл жұлдыз белгісі жалқаулығымен көзге түсетіндіктен, неге де болсын күш жұмсамай-ақ қол жеткізуге дағдыланған. Алайда маусым айында мұндай қулықтың жүзеге аса қоймасы анық. Сондықтан қалағаныңызды оңайлықпен қолға түсірудің жеңіл жолдарын қарастырмағаныңыз абзал.

Талқылау