Ақмола облысында 2 жасар бүлдіршінді іздеуге көріпкелдер кірісті

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 17:26

Ақмола облысында жоғалып кеткен қызды іздестіруге көріпкелдер кірісті,- деп  жазады NewTimes.kz сайты.

жоғалған-қыз

«Қызды ұрлап кеткен, ол тірі. Оны алып кеткен ер адам 40-50 жас шамасында, көрінісі қазақ. Оның көлігі ескі, тот басқан. Көліктің артқы отырғышына қызды отырғызып алып кеткен. Оның анасын да көріп тұрмын. Кәрі кісі орамал тағып алған. Ол қызды отырғызған көлікті тас жол бойымен жүргізіп, солға бұрылып кетті. Жол бойы бос, кейіннен барып бір үйлер шықты»,-деп түсіндірді көріпкел.

Көріпкел ер азаматтың қасындағы адамдардың ниеті түзу дейді. Ал оның өзі аздап сақауланып сөйлейтін, қолында суреттері бар, қолы әбден күтім көрмеген  әбіржулі адам деп суреттейді.

«Ол қызды қайтып әкелмек болып жақын маңдағы өзенге тастап кетуі мүмкін. Оны сол қамыстардың арасынан табуға болады. Сол жерде ескі сарай бар. Соның жанында көліктің іздері қалған болу керек»,-дейді көріпкел.

«Оның түрін, сыртқы көрінісін бәрін көріп тұрмын. Орта бойлы, одан сәл кішілеу болуы мүмкін. Арық, қара жаздық баскиімде, қара шалбарды белбеумен байлап киген. Бетінің оң жағында шрамы бар»,-деп суреттейді күдіктіні көріпкел әйел.

«Қорасы жоқ үйді іздеңдер. Оның алдында ескі  кеңестік көлік бар. Үйдің жанында сонда-ақ дүңгіршек пен байлаулы ит бар» ,-дейді экстрасенс.

Бүлдіршінді іздеуде ерікті азаматтар тағы да басқа көріпкелдердің болжамын білуде. Бірақ, олардың айтқаны мүлде басқа.

«Балақай ауыр жағдайда, жүрегі әлсіз соғып тұр. Оны көліктен күштеп шығарып төменге қарай сүйретіп алып барған 30-35 жастағы ер адам. Ол осы жерден  1,5-2 км қашық  жерде. Оқиға болған жерде су қоймасы бар. Еркектің түріне қарасақ ол өте әбіржулі»,-дейді тағы бір көріпкел.

Айтакетерлік жайт, ерікті іздестірушілердің сөзінше өзен жанында бір отбасы тұрады. Сол үйдің әйелі түнде жылаған баланың даусын естіген. Алайда жоғалған бала жайлы ол кезде білмегендіктен күйеуіне ештеңе айтпаған.

«Әйел бұл жөнінде бүгін айтты. Меніңше енді қызды табу мүмкіндігі бар. Іздеп жүрген адам өте аз. Қолы бостар болса, өтініш, көмектесіп жіберіңіздерші»,-дейді ерікті іздестірушілердің бірі.

Есте болса, Ақмола облысында 2 жастағы Эллина Кульдинаны іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Белгілі болғандай бүлдіршін Нұра өзенінің жанында  Қабандай батыр ауылы жақта жоғалып кеткен еді.

«Эллина Кульдинаның үстіне кигені: көкшіл сұр түстегі куртка, ақшыл түсті шалбар, қызыл крассовки, басында тоқыма қалпақ болған. Ерекше белгілері: Бойы 85-90 см,арықтау, қоңыр көзі, сары қысқа шашты»,-деп Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпараттандырады.

Полиция қызметкерлері қандай да бір мағлұмат болған жағдайда мына телефон номерлерге қоңырау шалуды сұрайды: 8-716-51-25-00-2 немесе «102»

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар