Ақмола облысында 2 жасар қыз бала жоғалып кетті
Ақмола облысының Целиноград ауданында ата-анасымен табиғат аясына демалуға барып, із түссіз жоғалып кеткен 2 жастағы қыз іздестірілуде.

Көрнекі сурет
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Келеңсіз жағдай 10 мамыр күні Целиноград ауданының Р.Қошқарбаев атындағы ауылдың маңында Нұра өзенінің жағасында орын алған.
Ерлі-зайыпты астаналық отбасы 2014 жылы туған қызымен өзен жағасында демалған. Кейін үйлеріне қайтарында ойын баласын таппай қалған. Ата-ана сол маңдағы орман ішін сүзіп шығып, тек, баланың ойыншығын өзен жағасындағы жардан тапқан. Қазіргі кезде, іздестіру жұмыстарына ТЖД құтқарушылары мен еріктілер тартылып, баланы іздестіріп жатыр. Әзірге, еш нәтиже жоқ. Іздестіру шарасы одан әрі жалғастырылуда», – деп көрсетілген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады