Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы қазақстандық қыз Араб елінде секс-құлдықта болды

Қазақстандық қыз Біріккен Араб Әмірлігінде құлдықта болып, балалы болды. Жас қыз амалын тауып Қазақстанға оралды.

18 жастағы қазақстандық қыз Араб әмірлігінде секс-құлдықта болды

Бұл туралы “Не молчи.kz” қоғамдық қозғалысының көшбасшысы Дина Смаилова айтты.

Ақботаны (есімі өзгертілді) ата-әжесі өсірген.Әкесі мен анасы бала күнінде ажырасып кеткен. 16 жасында атасы қайтыс болған анасымен тұра бастайды. Алайда анасымен шығыса алмай құрбысымен бірге тұруға кетіп қалған.

Құрбысының үйіне барған күні оны әлдекім зорлап тастаған. Тағы бір ұрыстан соң ол таныс әйелінен жұмысқа орналастыруды сұрайды. Ол араб елінде жақсы жұмыс бар деген ұсыныс айтады.

Ақбота жұмыс істеп, ақша табу үшін араб еліне баруға келіседі. Шекарадан асырмай тұрып осы іспен айналысатын әйелмен бірге тұрып жүреді.

«Елден кететін күні ешнәрсеге күдіктенбестен араб еліне аттанады. Өзімен бірқатар қыздар болған. Тек бай елдегі қонақүйге түскенде ғана лас жұмыс ұсынатындарына күдіктене бастайды. Қарсылық көрсеткенімен бәрі ұрып-соғып, жезөкшелікке көндіреді. Лас бөлмелерге қамап, шығармай ұстайды», – дейді Дина Смаилова.

Ақбота елге қайтып оралды. Бірақ келген соң өзінің жүкті екенін білді. Онымен бірге ауру жұқтырғаны анықталды. Бойжеткен құрсақтағы сәбиін өмірге әкеліп, бүгінде соның күтіміне қарап жүр.

Смаилованың айтуынша, қазір бойжеткен баласымен бірге халықаралық құқық қорғау ұйымы арқылы алыс елге аттанған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау