Үш әйелімен де тату тұратын ақтөбелік кәсіпкер құпиясымен бөлісті

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 14:54

Жылқы баптап, қымыз өндірудің қыр-сырын игерген ақтөбелік кәсіпкер, үш әйелмен қалай бақытты тұрудың да құпиясымен бөлісті.

?

Бұл туралы aktobenews.kz  хабарлайды.

Орынбай Жолмұратов Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылындағы “Шыңғыс” шаруа қожалығының басшысы. Жылқы шаруашылығымен 12-13 жылдан бері айналысады екен. Алғашқыда 7 бие сауудан бастаған. Кейін оны 30-ға, 50-ге, ақыры 100-ге дейін жеткізген. Биыл 120 бие сауамын деп отыр.

Ол сақтаған қымыз 8-9 айға дейін тұп-тұщы болып тұра береді. “Қыста сақтауға тастаған қымызды көктемде ішсеңіз, жаңа сауған саумалдай болып тұрады”, — дейді өзі.

IMG-20160426-WA0012

“Соңғы екі жылда биені арнайы аппаратпен сауып жүрміз. Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Қызылордадағы шаруаларға барып, тәжірибелерін үйреніп қайттым. Мал басы көбейді. Ауылымызға келген жас әкім барлық көмегін беріп тұрады. Микроауылкредит деген жерден 12 миллион теңге несие алып, цех салып жатырмын. 15 мамыр күні қажетті жабдықтарды алып келеміз. Қора салдық”, — дейді ол.

IMG-20160426-WA0004

Кәсіпкердің қазір үш әйелі бар. Үшеуі де бір ауылдың қызы екен. 18 жасында бірінші рет үйленген ол 32 жасында тағы бір келіншек алыпты.

“Екінші келіншегімді бәйбішемнің өзі барып алып берді. Ал үшіншісі рет үйленгенімде 50 жаста болдым. Жас әйелім ол кезде 22-де болды”, — дейді ошақтың иесі. Оның айтуынша, бірнеше әйел алуды шешетін бәйбішесі екен.

“Үлкен әйелім сыр бермейді. Негізі бәрін шешетін бірінші әйел. Одан ешкім аса алмайды. Екі әйеліммен бір шаңырақтың астында 23 жыл бірге тұрдым. Балалар да бірге өсті. Қазір кші әйеліммен тұрамын. Үлкен екеуі қалада тұрады. Үйде қызғаныш, ұрыс-керіс деген болмайды. Балалардың тойларын бірге атқарамыз. Әйел алу ойыншық емес. Оны Алланың өзі реттейді”, — дейді ол.

Орынбай басшы шаруашылық қамымен Ақтөбеге жиі келетінін айтады. Сонда бәйбішесінің үйіне тоқтайды.  Ал кенже әйел ауылда шаруашылықтың басында.

“Қазақ көбеюі керек. Көп әйел алу — атадан қалған нәрсе. Бірақ көп әйел алуды да, көбеюді де шешетін алдымен Алла, екінші бәйбіше”, — дейді ақтөбелік кәсіпкер.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Қолдаймын. Тату тұрса, келісім мен түсіністік болса, оның несі айып. Қайта үлгі ету керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Түсінікті жайт.. 1 ші шаршады, 2ші әйелге тапсырад. Ол шаршады, 3ге тапсырады. Барлығы сол шаруа қожалыққа жүріп, отымен кіріп, күлімен шығуға байланысты болып тұр ғой..

  • Жұмбақ жан says:

    Уш айелиннен канша бала шага бар?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар