Үндістандық «лашықтан шыққан миллионер» – шынайы тағдыр (фото)

Бейсенбі, 4 Тамыз , 2016 0:12

Амбариш Митра 15 жасында үйінен безіп, Нью-Делидің сұрықсыз түкпірінде тұрақтаған.

_90528251_man1

Ол 17 жасқа келгенде, оның қоластында 55 адам жұмыс істеген, деп хабарлайды BBC.

Бүгінде, арада жиырма жыл өткен соң, ол – Blippar компаниясының негізін салушы және басшысы ретінде танымал. Аталған компания мобильді қосымша ойлап табумен айналысып, 1,5 миллиард долларға бағаланады.

_90583319_6d2e7ea2-3c06-4536-bc3b-220a126faaaa

Компания 2011 жылы құрылған. Ол анимация не өзге де графиканы смартфон камерасына түсірілген қоршаған ортадағы шынайы суретке орналастыруға мүмкіндік беретін қосымша жасаумен айналысады.

Мысалы, камераны кока-кола құтысына дәлдесеңіз, ол қалаған әуеніңізді ойнай алатын тірі музыкалық автоматқа айналып шыға келеді.

Сонымен қатар кәдімгі алманы суретке түсірсеңіз, смартфон алмаға байланысты көптеген ақпарат ұсынады. Мысалы, сидрдың қалай жасалатынын не алма бағын қалай күту керектігін айтады.

Blippar қосымшасының өзі кең танымалдыққа ие болуда. Фирма 2011 жылдан бері қосымшаны әлемнің 170 елінен 65 миллион қолданушы жүктегенін алға тартады.

_90528257_bike1

Алаңғасар жасөспірім

Амбариш Индияның шығысындағы Джарканд штаты Дханбад шахтер қалашығындағы кедей отбасында дүниеге келген. Ол мектепте нашар оқып, үйден қашуға бел буған. Оған қоса жасөспірім әкесі қалағандай инженер мамандығы бойынша оқуды қаламаған, Амбариш компьютерге қызыққан.

Терім науқанынан кейін ол сөмкесін жинап, ата-анасына қоштасу хатын қалдырып, үйінен кеткен. Хатта ол Бомбейге жол тартқанын жазған. Шындығында, Нью-Делиге аттанған еді.

_90544385_kids1

Онда Амбариш ешқандай жайлылық жоқ лашықта орналасып, өзі сынды алты жас жігітпен бірге еденде ұйықтаған.

Ол бірден екі жұмыс істеген – журналдар сатып, мейрамханада даяшы болған. Бірде газет беттерін ақтарып отырып, ең үздік бизнес-жоспар үшін 10 мың доллар уәде етілген хабарламаға көзі түседі.

Оның белгіленген мөлшерден төмен жалақы алатын әйелдерге тегін ғаламтор ұсыну жөніндегі бизнес-жоспары үздік деп танылған.

_90544388_fullsizerender-2-1

16 жастағы Митруға мұндай ой салған дәстүрлі үнді мәдениетіндегі әйелге деген құрметсіздік пен отбасындағы рухы күшті әйелдер арасындағы алшақтық еді.

Сыйлықты иеленіп, өз фирмасы мен Women Infoline сайтын құрған. Олар сайттағы жарнамадан түсетін қаражат әйелдердің ғаламторды тегін пайдалануына мүмкіндік беруіне негізделген.

Бұл компанияның ешқашан кірісі мол болмаған, алайда бір кездері мұнда 125 қызметкер қызмет еткен. 2000 жылы Митра компанияны әріптестеріне қалдырып, өзі шеттеуді жөн көрген.

Сыраханада туған шабыт

Ол уақытта ата-анасымен татуласқан Амбариш түскен ақшасының көмегімен Бриятанияға қоныс аударған.

Ол жерде компьютерлік фирма құруға ниеттенгенімен, ұзақ уақыт бойы қолынан ештеңе келмеген.

Оның санасы түрлі ойға, жаңалыққа толы еді. Алайда өз бизнесін бастауға жеткілікті қаражат жинау үшін ол ойларының бірін де жүзеге асыра алмады.

_90544390_lads1

Түңілген Амбариш сақтандыру компаниясына қызмтке орналасқан. Ол жердің зеріктіретіні сонша, бір апталық жұмыста небары алты сағатта отындаған. Мұнан кейін ол күйзеліске түсіп, ішімдікке салынған. Бірақ күндердің бірінде Англияның оңтүстігіндегі Суррейдегі сыраханада отырғанында санасына ғасырда бір туар ой келді.

«Мен Омармен (Омар Тайеб – Blippar-дың екінші негізін құрушы) бірге сыраханада отырған едім.  Ішімдікке ақша төлеп, ақшаны сатушы сөресіне қойып тұрып: «Мына портерттегі Елизавета патшайым кенеттен тіріліп кеткенін елестетші!» – деп әзілдеуге ұйғардым», –дейді ол.

Сол заматта-ақ Омар серігіңнің бетін ақшадағы патшайым портретіне орналастыруға мүмкіндік беретін қосымшаны іздеп тапты.

Олар мұндай трюкті бардағы адамдарға көрсетіп, біраз уақыт көңіл көтерген. Артынша Амбаришке мұндай қосымшада мол табыс жатқандығы жөнінде ой келеді.

Осылайша Blippar компаниясы өмірге келген.

_90544386_blip1

Компания тез дамып, қазір оның әлем бойынша 12 кеңсесі бар. Олардың қатарында Лондон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Дели және Сингапурдегі кеңселерді атауға болады.

Амбариш мұншалықты тез дамитын компанияға жаңа қызметкерлер алудың да оңайға соқпайтынын айтады. Десе де фирмаға инвестиция тартуда ешқандай қиындық тумаған.

Бүгінгі күн 300 қызметкері бар фирмаға 99 миллион доллар бөлінген, оның ішінде 54 миллион доллар – Малайзия билігінің  инвестициялық қорының есебінен.

Blippar фирмасы Conde Nast баспа фирмасы, автокөлік шығаратын Jaguar, Unilever химиялық концерні сынды әйгілі әрі өз брендін қалыптастырған компанияларға қызмет көрсеті арқылы табыс табады. Фирма тқтынушыларға өнім мен өнгдіруші жөнінде толық ақпарат ұсынатын қосымшалар жасап шығарады.

Бұл қосымша – әлемдегі 67 000 мектепте қолданысқа ие. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Үндістан мектептері бар.

Кеңесші Крис Грин қосымшаның танымалдығына оның қосымша ешқандай құрылғыны қажетсінбеуі сеп болғанын айтады. Ол тек кез-келген смартфонда бар камераны ғана қолданады.

Мұндай қосымшаны ешқандай әзірліксіз бірден іске қосуға болатындықтан, оның Google Glass сынды арнайы жасалған техникадан артықшылығы бар.

Келешекте Амбариш қосымшасын кез-келген нысанды тани алатындай дәрежеге жеткізуді ойға алған.

Оның мақсаты – қосымшаны әлемдегі миллиондаған сауатсыз адамды оқыту мақсатында қолдану, сонымен қатар оны оқыту мен дайындаудың кәсіби құралы ретінде пайдалану.

Жақында Амбариш достарымен жүздесу үшін Делиде болған. Ол үйден безудің нәтижесінде егер осы қиындықты еңсере білсе, алдындағы қиындықтың барлығынан тайсалмайтыны жөнінде сенімділікке қол жеткізгенін айтады.

«Мен күн сайын өміріме қуанамын және ол қызыққа толы деп санаймын», – дейді 37 жасар миллионер.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар