Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда өлі туған сәби кремация алдында тіріліп кетті

Үндістанда дәрігерлер тірі болған жаңа туған сәбиді өлді деп тіркеп, ата-анасына берген. Алайда артынша сәби тіріліп кетті.

Бұл туралы Sputnik International басылымы хабарлайды.

Басылымның мәліметі бойынша, әйел адам Max Hospital перзентханасында егіз нәрестелерді дүниеге әкелген. Қы бірден шетінеп кетіп, ұл бала ауыр жағдайда жатқан. Оның өкпесіне жасанды тыныстандыру қажет болыпты. Сәбидің ата-анасында ақша болмағандықтан, олар басқа ауруханаға барып көрмек болған. Ол жерде сәбидің өлімін тіркеген екен.

Егіздерді полиэтилен пакетке салып, ата-анасына берген. Олар сәбилердің денесін өртеу үшін крематорийге беттеген екен. Осы кезде кенеттен пакетте әлдененің қимылдағанын байқаған.

Анықталғандай, ұл бала тірі болып шыққан. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір сәбидің жағдайы қалыпты. Ал сәбидің өлімін белгілеген ауруханада тексеру жұмыстары жүріп, дәрігерді кезектен тыс еңбек демалысына жіберген. Сәбидің ата-анасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Танымал фотосуретші ерекше суреттер түсіру үшін бір ауылды өртеп жіберді (фото)

Үндістанда полиция аяғынан жағымсыз иіс шыққан тұрғынды тұтқындады

91 жастағы соғыс ардагері қонаққа келген немересін пышақтап өлтірді

Қытайда екі тұмсығы бар «сегізаяқты» торай туылды (видео)

Талқылау