"Зита мен Гита" фильмінің жұлдызы Дхармендра өмірден өтті
Фото: instagram.com/aapkadharam
Болливудта бір дәуір аяқталды: Үндістанның аты аңызға айналған актері Дхармендра 90 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Оның фильмдері әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да бірнеше буынның жадында сақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көрермендер Дхармендраны әсіресе “Зита мен Гита” және “Али-Баба және қырық қарақшының оқиғалары” фильмдеріндегі рөлдері арқылы жақсы біледі. Бұл туындылар посткеңестік кеңістікте отбасымен бірге тамашаланып, нағыз классикаға айналған.
Кейінгі айларда актердің денсаулығы күрт нашарлаған. Тыныс алуында асқынулар пайда болып, дәрігерлер оны ауруханаға жатқызып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосуға мәжбүр болды.
8 желтоқсанда актер 90 жасқа толар еді. 60 жылдан астам шығармашылық өмірінде Дхармендра 300-ден аса фильмге түсті және Үндістанның ең сүйікті актерлерінің бірі ретінде тарихта қалды. Оның фильмдері Болливудтың алтын қорына енді. Ең танымал туындыларының қатарында “Кек пен заң”, “Гүл мен тас”, “Менің сүйікті Раджам” бар. Актердің соңғы жобасы – “Иккис” фильмі.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Дхармендраның отбасы мүшелері Виле Парле крематорийіне жиналып, қоштасу рәсімін ұйымдастырып жатыр. Актер тұрған Джуху ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілген, себебі үйінің алдына жанкүйерлер толассыз келіп жатқан көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін телефонын уақытылы жаңаламаған ер адам құтқарушыларға қоңырау шала алмай көз жұмғаны хабарланған еді.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады