Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зират жанына салынған балалар алаңы желіде қызу талқыға түсті

Видеодан скрин

Маңғыстау облысында мұсылман қабірлерінің жанына салынған балалар алаңы қазақстандықтарды шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Зираттан бірнеше метр қашықтықта салынған балалар алаңының видеосын Нұркен Тәжібай есімді желі қолданушысы Instagram парақшасында жариялады. Видео желіде қызу талқыға түсті. 

"Қорқынышты", "Басқа жер таппаған ба?", "Зираттар әрдайым елді мекеннен алыс болатын", "Мұндай жерлерде шулауға болмайды ғой?", "Мұнда фильм түсіруге болады", – деп жазды желі қолданушылары. 


"Өлім шақырады": Көкшетауда мұсылмандар зиратында жүзден аса қабір алдын ала қазылып қойған


Видеодағы алаңның Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының бір ауылында орналасқаны белгілі болды. Жергілікті әкімдік оның тұрғындардың өз өтініші бойынша салынғанын хабарлады. 

"Бұл ауылда үйлер мен зираттар бұрыннан бар, ал балалар алаңы тұрғындардың өтініші бойынша 2016 жылы салынды. Ауыл мен зират қатар орналасқандықтан, сол жерге салуға тура келді", – делінген әкімдік жауабында. 

Дана Русланқызы
Жұма, 15 Тамыз, 2025 20:39
Талқылау