Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұрттың көзінше бөксемнен ұрды": Қазақстандық ару “Invictus GO” клубының өзіне харассмент жасаған қызметкеріне шара қолданбағанына наразы

Қазақстандық фитнес жаттықтырушыға әріптесі елдің көзінше харассмент жасадыФото: threads.com/@aigerim.shaidullina

Астанадағы “Invictus GO” фитнес клубында жаттықтырушы болып жұмыс істейтін Әйгерім Шайдуллина әріптесінің көптің көзінше өзіне харассмент жасағанын айтып, шағымданды. Адамдардың көзінше ар-намысымды аяқ асты етті деп қапаланған қыз кей адамдардың мұны ұсақ-түйек деп қабылдайтынына ызаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйгерімнің айтуынша, 25 қыркүйек күні Астанадағы “Invictus GO” фитнес клубында әріптесінің тарапынан харассментке ұшыраған.

“Әріптесім зілтемірдің бауымен барлық клиенттің көшінше, зал қызметкерлерінің алдында мені бөксемнен ұрды. Қатты ұрғаны сонша көгеріп қалды. Мен бұл турады әлеуметтік желіде жазып, мәселені көтеремін. Сөйтіп клубтың рейтингі құлдырады. Келесі күні бас кеңседегілер ол қызметкерді дереу жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады. Бірақ мен мұны көздемеген едім. Тек көпшіліктің көзінше оның кешірім сұрағанын қаладым. Кейін “Invictus GO” өз парақшасында зорлық-зомбылықты және қорлайтын, дөрекі әрекеттерді қолдамайтынын жазды”, – дейді Әйгерім Шайдуллина.

Қазақстандық фитнес жаттықтырушыға әріптесі елдің көзінше харассмент жасадыФото: threads.com/@aigerim.shaidullina

Айтуынша, болған оқиғадан кейін екі ай бойы оны басқа әріптестері шеттеткен. Босқа даурыққанының салдарынан клубтың имиджіне нұқсан келгенін, жұмысты бірінше орынға қою керегін айтқан. 

“Олардың сөздерінше, бұл ұсақ-түйек. Қыздың ар-намысы, оны басқа ерадамдардың, клиенттердің алдында кемсіткенін, ешкімді алаңдатып тұрған жоқ. Екі ай бойы онда жұмыс істеу моралды тұрғыдан қиын болды. Бір айдан кейін “Invictus GO” фитнес клубының Бұқар жырау көшесіндегі филиалына барып, бос жұмыс орнын іздедім. Сонда филиалдың құрылтайшысы менен ол жақтан жұмыстан шығуымның себебін сұрады. Жауап ретінде мені ұрған видеоны көсрсеттім. Кейін ол мұнда бос жұмыс орны жоғын айтты”, – дейді автор.

Алайда күні кеше ол өзін ұрғаны үшін жұмыстан босатылған жаттықтырушының өзі жұмыс іздеп барған Бұқар жырау көшесіндегі филиалында жұмыс істеп жүргенін білген. Ол фитнес клубтың кінәлі адамға қатысты шара қолдандық деп өзін және халықты алдап келгеніне ызалы. Айтуынша, харрасмент жасаған жаттықтырушымен өзара сөйлесіп, өзара шешкен. Әйгерім оған қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Қазақстандық фитнес жаттықтырушыға әріптесі елдің көзінше харассмент жасадыФото: threads.com/@aigerim.shaidullina

“Мені олардың көзбояушылық жасап, адамдарды алдап, мұны қалыпты деп санайтыны ашуландырады. Шылп етпестен өтірік айтып отыр. Оның өзі сонда жұмыс істемейтінін айтты. Әлде дәлел клиенттеріңізден куәгер ретінде жауап беруін сұрайын ба”, – делінген жазбада.

Алайда фитнес клубтың өзі жаттықтырушыны жұмысқа алғанын мойындаудан бас тартып, оның клубта қызмет көрсетпейтінін мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 17:01
Талқылау