Басты жаңалықтар
Жұмыстан босатылатыны туралы хабарлама берілуі тиіс: Қаржы министрі Назарбаев кеңсесіне қандай шара қабылданатынын айтты
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Назарбаев кесесіне байланысты қандай шаралар қабылданатынын айтты. Сөзінше мәселе 1 жарым айда шешілуі тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісте БАҚ өкілдері сұрағына жауап берген Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Тұңғыш Президент кеңсесінің тағдыры туралы айтты. Сөзінше қазіргі уақытта қайта құрылымдау мәселесі пысықталып жатқан көрінеді.
“Кеңсе бұрынғыдай болмайды. Қазіргі уақытта қайта құрылымдау жүріп жатыр. Әрине ондағы қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауыстырылады. Ал тағы қалғаны қысқартылады. Жақында оларға жұмыстан босатылатыны жөнінде хабарлама берілуі тиіс. Шамамен Назарбаев кеңсесіне байланысты мәселе бір жарым ай ішінде шешімін табады деп ойлаймын”, - дейді Жамаубаев.
Еске салайық, бұған дейін Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент кеңсесінің бюджеті тек азаятынын ғана айтқан еді.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған