"Жұмысы да, үйі де жоқ болды": Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді
Әнші Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova
Өнер иесінің айтуынша, бүгінде жастар тұрмыс құратын болса, жағдайы өте маңызды көрінеді.
“Қыздарға қандай кеңес бересіз?” дейді. Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді. Әр заманның өз талабы бар. Мысалы, мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады, бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс, нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса, өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі ғана жаныңда қалады", – деп ой бөлісті әнші.
-
"Күйеуім де, ұлым да, қызым да уақытша": Жазира Байырбекова елді ойландырып қойды
-
"Күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеппін": Жазира Байырбекова мәһрге қатысты ойын бөлісті
Сонымен қатар өнер иесі оқырмандарына да ойларын бөлісуге мүмкіндік берді. Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырып жатыр.
“Адам емес, заман өзгерген. Екі жастың бақытты болуы – ата-ананың тәрбиесінің жемісі”, “Бастысы саналы адам болсын. Дүние мен байлық – уақытша”, “Ниеті егіз адамдарды құдай таңдап қосады”, “Махаббат болған жерде байлық та, басқасына да қарамайсың. Екі ғашық сол сүйіспеншілік, татулық махаббатпен бәріне де жетеді, бәрін де жеңеді”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, анасын жанынан тастамаған Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке өнер иесі қолдау білдірген еді.