Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұлдыз бәрін үйреніп қойған әйел": Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді

Гүлзира Айдарбекова  өзін сынағандарға жауап бердіФото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова немерелері жайлы айтылатын қауесетті ңүктесін қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында продюсердің екі келіні де сәби дүниеге әкелді. Бірінші болып Жұлдыз Әбдукәрімова қыз бала дүниеге әкелсе, екінші Заңғар Нұртастың әйелі Индира ұл бала босанды.

Желі қолданушылары продюсердің немерелерін бөліп-жаратынын айтып, оны сынға алды.

“Қызық, Жұлдыз босанғанда құттықтамадың, осы жолы қасында жүр”, “Той тойлап, жұрттың шашбауын көтергенше, өз шашбауыңызды көтеріп бармайсыз ба? Өкпе өкпесімен, баланың не жазығы бар?”, “Келініңізді құттықтап бармайсыз ба, сіздің ұрпағыңызды жалғастырып отыр емес пе?”, – деп жазған олар.

Продюсердің өзі кенже келінінің алғаш рет ана атанып отырғанын, тәжірибесі жоқ екенін айтады.

“Қазір бәрі салыстырып жатыр. Заңғар мен Индира алғаш рет ата-ана болды, ал Қайрат пен Жұлдыздың бесінші перзенті. Индира не дегенімен жаңа түскен келін, бірінші бала өзгеше болады. Ал Жұлдыз бәрін үйреніп қойған әйел”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жол апатына қалай түскенін айтып бергені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 25 Қараша, 2025 18:03
Талқылау