Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыландар туралы қызықты 30 мәлімет

Stan.kz жыландар туралы сіз білмеуіңіз мүмкін қызықты деректер ұсынады.

Жыландар туралы қызықты 30 дерек

  1. Жыландар Антарктида, Жаңа Зеландия, Исландия, Ирландия және Атлант мұхитының кейбір кішкентай аралдарынан басқа, барлық жерде мекендейді.
  2. Жыландар кесірткеден тараған. Қазіргі күнде тіршілік етіп жүрген кесірткелердің ішіндегі ең жақын туыстары игуана және ұршықсап кесіртке типті кесіркелер болып табылады.
  3. Ең ірі жылан – питондар мен анакондалар. Олардың ұзындығы 7 метрден асуы мүмкін. Әлемдегі ең кішкентай жылан – ұзындығы 10 сантиметрден аспайтын Leptotyphlops carlae.
  4. Әлемдегі ең улы жылан тайпан Маккоя деп есептеледі. Осындай бір жыланнан алынған удың 100 адамды өлтіретіндей күші бар. Оның уы кобраның уынан 180 есе күшті.
  5. Жыландардың қабағы мөлдір болады және үнемі жабық тұрады.
  6. Жыландар қолайсыз жағдайда ұйқыға кетуі мүмкін.
  7. 2017 жылдағы жағдайға сай ғылымда жыландардың 3631 түрі белгілі.
  8. Жыландарда қуық жоқ. Несеп жолындағы зәр тікелей қатпаршаққа түседі.
  9. Жыландардың бас сүйегінің бірегей құрылымы оларға өзінен әлдеқайда үлкен көлемдегі жемтікті жұтуға мүмкіндік береді.
  10. Ең ірі улы жылан – бұл патша кобрасы. Адам осы жыланға жақын келіп қалса, онда ол бұл кобрамен көз деңгейінде теңесіп, қозғалыссыз, оған тыпыршымай қарап тұруы керек деп есептеледі. Сонда бірнеше минуттан кейін кобра адамды зиянсыз нысан деп қабылдап, кетіп қалады.
  11. Ғылымға белгілі барлық жыландар – жыртқыштар.
  12. Жыландарда танау бар, бірақ олар бұның көмегі арқылы иіс сезе алмайды. Жыландар қоршаған ортадан бөлшектерді жинап, оларды талдауға ауыз қуысына салатын айыр тілінің көмегі арқылы иіс сезеді.
  13. Жыландарда сыртқы және ортаңғы құлақ, сондай-ақ құлақ жарғағы жоқ. Бірақ олар тербеліске (вибрация) өте сезімтал. Сондықтан жыландар жер арқылы өтетін дыбыстық толқындарды жақсы қабылдайды.
  14. Жылан уы көздің артқы жағындағы арнайы бездер арқылы өндіріледі. Ол негізінен ақуыздар, амин қышқылдары, май қышқылдары мен ферменттерден тұрады.
  15. Брамин слепун (Indotyphlops braminus) – тек қана ұрғашылардан құралған жалғыз жылан түрі. Бұл жыланның ұрық жасушалары ұрықтандырусыз дамиды.
  16. Жыландардың өсу қарқыны қартайған сайын баяуласа да, олар өлгенге дейін өсе береді.
  17. Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, әлемдегі ең жылдам жылан сағатына 16 шақырым жылдамдыққа дейін қозғала алатын қара мамба.
  18. Көптеген жылан түрлері адамдар үшін қауіпсіз. Оның үстіне олар егеуқұйрықтар, тышқандар мен құстардың популяциясын бақылай отырып, экожүйеде теңгерімді ұстап тұрады.
  19. Ең ұзын улы азу габон гадюкасында. Олардың ұзындығы 40 мм-ден асады.
  20. Табиғатта екі басты жыландар өте сирек емес. Мұндай жыландар біржұмырқалы егіздердің дамудың бастапқы кезеңінде толықтай бөлінбей қалуына байланысты пайда болады. Мұндай жыландардың жабайы табиғатта ұзақ өмір сүруі сирек. Өйткені, екі бас бір-біріне жиі агрессивті болып келеді және жыланға шабуыл жасаған жағдайда, оларға қай бағытқа қозғалу керектігін шешу қиын.
  21. Патша кобрасының аналығы жұмыртқалау үшін ұя салады, бұл әрине басқа жыландарға мүлдем тән емес дүние. Бұдан басқа, олар әрдайым жұмыртқасын қорғайды. Олар жұмыртқалаған кезде өте агрессивті болып, ұяға жақындағандарға шабуылдайды. Сондай-ақ, жұмыртқадағы балалары жарылып шыққанға дейін, аналық кобра ұясын тастап, өз ұрпағын өзі жеп қоймас үшін қорек іздеуге кетеді.
  22. Біздің ғаламшарда табылған ең үлкен жылан титанобоа болған. Олар 60 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Бұл жыланың ұзындығы 15 метрге жететін және салмағы бір тоннадан асатын.
  23. Түрлерге байланысты жыландар 4 жылдан 30 жылға дейін өмір сүреді.
  24. Балықтар жылықанды жануарларға қарағанда жылан уын сезбейді, сондықтан теңіз жыланының уы құрлықтағы жыландардікіне қарағанда қатты улы болады. Осыған қарамастан, олардың уы адам үшін қауіпті емес, өйткені теңіз жыландары өте аз мөлшерде у шығарады және өзін қорғау үшін жиі шабуыл жасап, шаға бермейді.
  25. Бүйрек немесе ұрпақ жаңғырту ағзалары сияқты жыланның көптеген жұптасқан органдары дененің ішінде шахматты қалыпта орналасқан. Және де олардың біреуі әрдайым екіншісінің алдында тұрады.
  26. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, жыл сайын 100 мыңнан астам адам жылан шаққаннан қайтыс болады, және тек Үндістанның өзінде осындай оқиғаның салдарынан 50 мың адам өледі.
  27. Көптеген жыландар жұмыртқалау арқылы көбейеді, бірақ олардың кейбір түрлері – жұмыртқалап тірі туатындар және тірі туарлар, бұл көбінесе суық климатқа байланысты болады.
  28. Жыландардың ас қорыту ферменттері жемтіктің жүні мен қауырсындарынан және тырнақтарынан басқасының бәрін қорытады.
  29. Әлемдегі шамамен 725 түрлі улы жыландардың ішінде тек 250-і адамды бір шаққаннан өлтіре алады.
  30. Улы жыландардың уына қарсы препарат жасау үшін, фармацевтер әртүрлі у қоспасын жинап, жылқының денесіне, жануар иммунитеті уға үйренгенге дейін бірте-бірте дозасын көбейту арқылы салады. Содан кейін иммунитеттендірілген жылқыдан қан үлгілерін алады. Сосын алынған сарысуды бөліп, тазалап және лиофилдейді. Уға қарсы дәрі дайындаудың осы әдісін АҚШ-та, Үндістанда, Оңтүстік Африкада және Австралияда қолданады.
Талқылау